Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алдында «Алматы апортының жаңаруы» атты ағаш отырғызылу ісшарасы өз жұмысын бастады.
Ісшара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бастамасымен өтуде. Сонымен қатар, акцияға, Қазақстанның Британдық түлектер клубы, PosadiDerevo.kz, Қазақстан мен Қырғызстандағы Британдық Кеңесінің директорлары белсенділік танытуда.
Университетте өтіп жатқан алма апортын қайта жаңғыртып, насихаттау жұмысынан әншілер де тыс қалмады. Олардың арасында «Ринго» тобы, Азамат Мадғұлов, Мәдина Сәдуақасова, VJ Диас Әзімжанов және тағы басқа әншілер бар.
Акция түске дейін жалғасады. Акцияның сонында университетке ағаштарды бақылау сертификаты, сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар тапсырылады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі