- Негізгі бет
- Жаңалықтар
«Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы» атты халықаралық конференция
20.11.2008әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экономика және бизнес факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы» атты халықаралық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты - елдің бәсекеге қаблеттілігін дамыту жағдайында ҚР экономикасын жаңғырту механизмдерін құру жолдары мен корпоративтік құрылымдардың қалыптасу мәселелерін талқылау.
Қазақстан Республикасының Президеті Н.Ә.Назарбаев ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 13 қазандағы кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзінде мемлекеттің Тұрақтандыру бағдарламасында даму басымдылықтарын атап көрсетті, бүгінгі күні Үкіметтің алдында тұрған негізгі үш бағыттан құрылған басты мақсатты атады: макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты және экономиканы жаңғырту.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі заманауи әлемнің экономикалық дамуының негізі болып табылады деп есептейді ғалымдар. Экономикалық өзара қатынастың күрделену жағдайында, жаһандану үрдістерінің кеңеюімен байланысты ел экономикасын жеделдете жаңғырту қажеттілігін негіздейтін мәселелер кезек күттірмейді. Біздің экономикамыздың алдында тұрған міндеттерді шешу қажеттілігі әлемдік қаржылық дағдарыстың дамуымен байланысты. Қазақстан үшін ұлттық экономиканың бәсекеге қабеліттілігін қамтамасыз ету - ең маңызды қажеттілік.
Конференция қатысушыларына қойылған міндеттер: ҚР экономикасын жаңғырту мәселелерінің мәні мен мазмұнын ашу; Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына кіру жолдары мен мәселелерін анықтау; Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшыларын тағайындаудың ғылыми негізін жасау.
Конференцияға қатысушылар жаһандық экономикалық даму мен экономикалық кризистің, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін, қазақстандық компаниялардың корпаративті басқармасы, т.б. тақырыптар талқыланды.
Конференция жұмысына корпоративтік басқару бойынша IFC жобасының өкілі Сарсенов Н.Г., Сүлеймен Демирел университетінің проректоры Месут Илмаз, «Almaty Region Textile Trade» АҚ президенті Ақниязов Ж.К., ҚР Ғылым және білім министрлігі экономика институының директоры Сабден О.С., «Сарыарқа» ӘӨК төрағасы Зверьков В.П. және алыс-жақын шетелден келген ғалымдар қатысты.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі