Жаңалықтар

“ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздіктің қыр көрсетулері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

21.11.2008

18 қараша күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде "ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздіктің қыр көрсетулері" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Астандағы ЕҚЫҰ Орталығы ұйымдастырған форумда ғалымдар, мемлекеттік емес ұйымдардың және дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Форум жұмысы ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайының қатысуымен ұйымдастырылған ЕҚҰЫ қызметіне арналған «ЕҚҰЫ - диалог форумы» деп аталатын көрменің ашылуымен басталды.

 

 

- Біздің конференция «2010 жыл: Қазақстан Республикасы - ЕҚҰЫ төрағасы» деген бірлескен жоба шеңберінде өткізіліп жатыр. Бұл жобанаың жауапкершілігі аса зор, сондықтан оны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Астандағы ЕҚЫҰ Орталығымын бірлесе отырып ұйымдастырып жатырмыз. 2010 жылдығы Қазақстанның ЕҚҰЫ-дағы төрағалығы орта-азиялық аймаққа тұтастай әсерін тигізеді деген үміттеміз, - деді Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов.

 

 

Бүгінгі күні 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды Актісінде тұжырымдалған мемлекетаралық қатынастардың қағидалары қорғау мәселелері, сондай-ақ, әскери-саяси, экономикалық және экологиялық қауіпсіздік пен адам құқықтарын қорғау проблемалары ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің күштерінің жұмылдырылуын талап етеді. ЕҚЫҰ кеңістігінде бірнеше толықтай реттелмеген қақтығыстардың болуы мүше-мемлекеттер арасында мазасыздық тудырады. 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында бұл проблемаларды талдау өзекті болуда.

Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер жиылған қауымға басшылық атынан ұйымдастырушыларға 2010 жылы Қазақстанның ЕҚҰЫ-дағы төрағалығы шеңберінде ұсыныстар мен кеңестерді дамытуға бағытталған бұл бастамасы үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, ол Қазақстанның ЕҚҰЫ-дағы төрағалығы тек біздің ел үшін ғана емес, сондай-ақ халықаралық ұйымның тарихында алғаш рет төрағалыққа азиаттық аймақтан келіп отырған ел басқаратын ЕҚҰЫ үшін де маңызды екендігін ерекше атап өтті.

ҚР Төтенше және өкілетті елші, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ақмарал Арыстанбекова өз сөзінде Орта Азиядағы ЕҚҰЫ қызметіндегі Қазақстанның геосаяси роліне тоқталды. Автор баяндамасында бүгіннің өзінде біздің мемлекет Орта Азияда тұрақтылықты қамтамасыз етуде жетекші роль ойнап  отырғанына куә болатын бірнеше деректер келтірген.

Беделді ғалымдардың қатысуы мен талқыланып жатқан мәселеге қатысты мамандардың пікірлері ЕҚҰЫ потенциалының барлық - гуманитарлық, саяси және экономикалық - бағыттарда толық ашылуына, Қазақстанның ЕҚҰЫ-дағы төрағалығының бағдарламасын жасауда қызығушылық тудырып отыр.

 

                                                        әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды баспасөз қызметі