- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Корвинус Университеті (Венгрия) профессоры Золтан Бузаданың шеберлік сағаты
25.03.2021Көшбасшылықты дамыту жөніндегі халықаралық сарапшы, Корвинус Университетінің (Венгрия) менеджмент профессоры, PhD докторы Золтан Бузада халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері үшін қызықты шеберлік-сағатын өткізді. Оның тақырыбы «Ағым» атты психикалық тәсілін пайдалану арқылы қызметкерлердің жұмысқа деген көзқарасын өзгертіп, мемлекеттің және ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне арналды.
Мастер-класстың практикалық мақсаты – пандемиядан кейінгі дәуірде қажетті көшбасшылық қасиеттерді дамыту жолдарын түсіну, жобалар мен қатар өз мансабын және қабілеттерін басқара білу. Профессор сонымен бірге жағымсыз оқиғалардан кейін, психикалық депресссияға түспей, жұмысты одан әрі қызығушылықпен жасап, сәттілікке жетудің тәсілдерін үйретті. Шеберлік сағаты мicrosoft Teams платформасында өткізілді.
Ағымдағы көшбасшылықты дамытудың қыр-сырын меңгерген халықаралық сарапшы, FLIGBY-дың құрастырушысы және елшісі Золтан Бузады қазіргі уақытта Венгриядағы ең көне Корвинус университетінің менеджмент және көшбасшылық профессоры болып табылады. Ол «Missing Link Discovered: Planting Csikszentmihalyi’s Flow Theory into Management and Leadership Practice by using FLIGBY, the Official Flow-Leadership Game» кітабінің авторларының бірі.
Айта кетерелігі, FLIGBY – бұл көшбасшылық дағдыларды үйрететін және («soft skills») – мансап пен табысқа жету дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін авторлық іскер ойын. Ондағы талаптар мен ережелерді орындай отырып, топ мүшелері өздерінің шынайы қабілеттерін ашуға мүмкіндік алып, жетістікке жетудің көшбасшылық міндетін атқарады. Профессор Бузаданың Қазақстанда, Ресейде және Орталық Азияда топ-менеджментті дамыту бойынша тренингтер ұйымдастыруда үлкен тәжірибесі бар. Ол көптеген қазақстандық корпорациялардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың басшыларына арналған тренингтер өткізді. Золтан Бузады көшбасшылық қасиеттерді дамыту нәтижесінде қазақстандық менеджерлердің зор әлеуетіне сенімді!
Шеберлік сағатының сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=AptYablM_S0