- Негізгі бет
- Жаңалықтар
«Азиада-2011» қысқы ойындарына арналған дөңгелек стол
24.11.20082008 жылы 25 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Азиада-2011» ойындарына жүргізіліп жатқан дайындықтың БАҚ-та көрініс табуына арналған спорт ведомстволарының жетекшілері, «Азиада-2011» ойындарының ұйымдастыру комитеті, Олимпиада жүлдегерлері, PR-агенттіктер, ғалымдар мен журналистердің қатысуымен «Спорттағы PR» атты дөңгелек стол өтеді.
Дөңгелек столды «SportPRim.kz» жобасының шеңберінде «InfoPRim» шығармашылық сараптама тобы «Советник» (Ресей, Мәскеу) журналының қатысуы және қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұйымдастырып отыр.
Дөңгелек столдың мақсаты "Азиада-2011" ойындарындағы ақпарат тарату мәселесін шешу және халықаралық аренада еліміздің имиджін қалыптастыру үшін мемлекеттік спорт құрылымдары, БАҚ және PR-мамандар арасындағы байланысты нығайту.
Дөңгелек столға қатысушылардың алдында тұрған мәселелер: Алматы мен Астанадағы Қысқы Азия Ойындарына дайындық барысын PR және ақпараттық қамтамасыз ету; ақпараттық спорт көздерімен пайдалану мүмкіндіктері мен тәртібін талқылау; спорт шараларын БАҚ-та көрініс табуын саралау.
Талқылауға ҚР Спорт және туризм министрлігінің жетекшілері, «Азиада-2011» ұйымдастыру комитетінің өкілдері, жетекші спорт журналистер, комментаторлар, PR-мамандар, «SportPRim.kz» жобасының ұйымдастыру комитеті қатысады. Олардың ішінде ҚР Спорт және туризм министрлігінің спорт Комитетінің төрағасы Күлназаров А.К., «Азиада-2011» ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚР ҰОК Бас хатшысы Досымбетов Т.К., Олимпиада ойындарының чемпионы, спорт порталы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Шишигина О., конькимен сырғанау спорты Федерациясының бас хатшысы Воинова Т.В., «InfoPrim» президенті Гаращук Ф., «Спорт KZ» газетінің бас редакторы Габдуллин Б., «Интерфакс» ақпараттық орталығының жетекшісі Голдырева И., «Хабар» арнасы спорт қызметінің жетекшісі, комментатор Омаров Д.И., «Советник» журналының жеке тілшісі, «Советник» порталының Қазақстандағы ресми өкілі, PR-кеңесші Павленко В. бар.
«Дөңгелек стол» 2008 жылдың 25 қарашасында сағ. 10.00-де ҚазҰУ журналистика факультетінің мәжіліс залында (230 ауд.) өтеді. Мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 71.
Қатсуыңызды мақұлдасаңыз келесі телефон немесе электронды пошталар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: ҚазҰУ журналистика факультетінің БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасы - тел.: 327-42-85, 247-19-57 (ішкі.-1344); 777-338-6132 (Сауле Барлыбаева), 705-112-09-35 (Владимир Голубев); 777277-3180 (Владимир Павленко)
E-mail: sbarlybayeva@ig.kz, kgcist@mail.ru, docspin@yandex.ru.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі