Жаңалықтар

Неміс театрының өкілдерімен кездесу

25-қар-08

Университетіміздегі тіл клубтарының жұмысы белсенді жүріп жатыр. Студенттерге тіл үйрену барысында аса қажетті тілдік ортаны қалыптастыру мүддесінен шығу үшін құрылған тілдік клубтар бүгінгі таңда қарқынды жұмыс жасап жатыр. Осындай кезекті шаралардың бірі неміс клубында өткізілді. Неміс клубының отырысына Алматыдағы неміс театрының актрисалары Жигулева Юлия Владимировна мен Абдульманова Ирка, фонетист Дяченко Марина Леонидовна, жетекші администратор Есжанов Темирлан шақырылды.

 

 

Отырысқа халықаралық қатынастар, экономика және бизнес, тарих және филология факультеттерінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Кеш барысында неміс театрының өкілдері театр тарихы мен қойылымдар туралы егжей-тегжейлі баяндады. Студенттер қауымы да өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

   

Шараға басқа да шет тілдерін оқып жүрген студенттер мен қонақтар, қызметкерлер қатысты. Халықаралық қатынастар факультетінің студенті, модератор Скуратов Андрей кешті басынан соңына дейін неміс тілінде жүргізді. Кешке қатысып отырған басқа тілді меңгерген студенттерге түсінікті болу үшін филология ғылымдарының кандидаты Людмила Муратовна неміс тілінен тікелей аударма жасады.

 

 

Қонақтардың қойылымдар туралы тартымды да қызықты әңгімелері студенттерді бір серпілтіп тастады. Неміс клубының аясында ынтымақтастықты қарқынды дамыту мақсатында кеш қонақтары студенттер мен оқытушыларға М. Горькийдің "Девушка и смерть" қойылымына шақырулар мен билеттерді сыйға тарту етті.

Қойылым 25 қарашада кешкі сағат 19.00-де болады. Билеттерді тілдерді дамыту бөлімінен алуға болады.

 

 

Тілдерді дамыту бөлімі