- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Білім берудің оңтайлы бағыттары басты назарда
31.05.201130 мамырдағы кезекті ректорат мәжілісінде Құзырлық ыңғайына негізделген модулді білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы жұмыс оқу жоспарларының дайындығы туралы оқу жұмысы жөніндегі проректор Г.Т.Балақаеваның ақпары, Арабтану кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зерттеу университетіне трансформациялану контекстінде деген тақырыпта кафедра меңгерушісі Г.Е.Нәдірованың хабарламасы, ҚазҰУ диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесін және философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестердің құрамын бекіту туралы ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Т.С.Рамазановтың ақпары, Университет қызметкерлерінің шетелдік іс-сапарлары туралы есептері және Біліктілікке қатысты сұрақ. Университеттің бас ғалым хатшысы Л.М. Шайкенованың ақпар, баяндамалары қаралды.
Мәжілісте әдеттегідей, алдымен құттықтау рәсіміне кезек берілді. Онда VI универсиада да баскетболдан І орын иеленген студенттер университет тарапынан марапатталып, жеңімпаздар ректормен естелікке суретке түсті. Сондай-ақ, университет басшылығы мен университет декандарының атына келіп түскен алғыс хаттар да оқылды.
Бірінші қаралған мәселе оқу ісі жөніндегі проректор Гүлнәр Балақаеваның баяндамасы болды. Мемлекттік аралық бақылаудың соңғы күні болғандықтан, әрбір факультеттің көрсеткіштері баяндалып, биылғы студенттердің дайындығы да қуантарлық деңгейде болғаны айтылды. Атап өтер болсақ, шығыстану, экономика және бизнес жоғарғы мектебі, халықаралық қатынастар, заң факультеттері студенттерінің МАБ-та өте жоғары деңгейдегікөрсеткішке жеткен. Бұл орайда проректор барлық факультет декандарына алғыс айтып, оқу жоспарларындағы жетістіктер мен кемшін тұстарынды тілге тиек етті. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы жұмыстарды әлемдік деңгейдегі университеттермен салыстыра отырып жасау, өзімізге ыңғайлы әрі ұтымды тұстарын қарастыру керектігі талқыланды. Бұл орайда ректор Ғалымқайыр Мұтанов: «Бұл біздің жол картамыз, аса ыждаһаттықпен қарағанымыз абзал, осыған қарап бой түзейміз», - деп атады.
Бүгін университет алдындағы талап ұлттық зерттеу университетіне айналу жұмыстары болғандықтан, арабтану кафедрасының меңгерушісі Гүлнәр Нәдірова университеттің трансформациялану контекстіндегі кафедра жобаларын ұсынды. Оқытушылар біліктілігін арттыруда арабтану кафедрасы мен Египеттік техникалық қор бірлесе отырып, Каир университетті жанынан тілдік мәдени тренинг өткізу, ISESCO-мен оқытушыларға ғылыми-тәжірибелік семинарлар ұйымдастыру, Қазақстандағы Индия елшілігімен біріге ақпараттық технологиялар мен ағылшын тіліне оқыту жоспарлары ұсынылды.
Ректорат мәжілісінде ҚазҰУ докторанттарының диссертациялық қорғауларына диссертациялық кеңесі құрылып, ректорат мүшелері толық ережемен танысты. Барлығы жеті мамандық бойынша бекітілген. Олар: математика, физика, химия, география, әлеуметтік ғылымдар, бизнес және гуманитарлық ғылымдар. Қорғау жұмысы аяқталғанда, өз мамандығының докторы ғылыми дәрежесі беріледі. Диссертациялық кеңестің белгіленген құрамы да таныстырылды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі