Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты ҚазҰУ жанынан медициналық орталық құру Ниет-хатына қол қойды

03.06.2011

З маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) президенті Буп Ван Киммен кездесті. Кореядан келген делегация құрамында сонымен бірге Оңтүстік Кореядағы емхана басқармасы құрылыстарымен айналысатын компания өкілдері бар.

KHIDI Оңтүстік Кореядағы іргелі клиникалар мен жетекші ғылыми-зерттеу институттарын біріктіреді. Олардың негізгі жұмыс бағыттары денсаулық сақтау индустриясын жаңа медициналық технологиялармен қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету, медицина саласында жаңа тұжырымдар жасап мемлекеттік және халықаралық медициналық мекемелермен әріптестікті нығайту болып табылады.

Кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан медициналық орталық құру әріптестігі барысында ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) президенті Буп Ван Ким Ниет-хатқа қол қойылды.

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов кореялық институттың жұмыстарымен бұған дейін де таныс екендігін және мұндай жобаларды жоғары бағалайтындығын жеткізіп: «Бұл Ниет-хат екі жақты атқарылар жұмыстардың ресми бастамасы деуге болады. Тек әр мақсат нәтижелі болуын тілеймін. Қазақта «Көш жүре түзеледі» деген жақсы сөз бар. Бұл жобалар бара-бара игілікке жарар жағымды жобалар болсын», десе Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) президенті Буп Ван Ким кәрістерде «алғашқы қадам – бұл тыңдырылған істің жартысы» деп саналатын қанатты сөз бар екндігін айтып, Қазақ ұлттық университеті жанынан медициналық орталық құру жобасы өз нәтижесін беретіндігіне сенім артты.

Одан кейін, Оңтүстік Кореядағы емхана басқармасы құрылыстарымен айналысатын компания өкілдері Кореядағы университеттік «Junglim» емханасының, «Hanboul энергетика басқармасы» компаниясының жұмыстарымен және құрылысымен таныстырды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі