Жаңалықтар

Кезекті Ректорат мәжілісі өтті

06.06.2011

Ректорат мәжілісі барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «БТА Банк» АҚ екіжақты әріптестік келісімге қол қойды. Университет тарапынан ректор Ғ.М.Мұтанов қол қойса, банк тарапынан Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов құжатқа қол қойды. "Біз «БТА-дан стипендия» жобасының ҚазҰУ-да бастау алғанына қуаныштымыз. Еліміздегі жетекші университетпен болашақта да әріптестігіміз жалғаса беретіндігіне сенеміз», - деді банк басшысы.

Ә.Сәйденов «БТА-дан стипендия» жобасы отандық жоғары оқу орындарында маманданып жатқан ең үздік студенттерді ай сайын арнайы шәкіртақымен қамтамасыз етіп отырады. Шәкіртақы айына 20000 ұлттық теңге көлемінде немесе оқу жылына 200000 теңге қаржы көлемінде ұсынылатындығын айтып,әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті экономика және бизнес факультетінің 2-курс студенті Қонарова Динара Маратқызына банк тарапынан студенттік шәкіртақы табыс етті.

Әріптестік келісімнен кейін Ректорат күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.

Әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығының директоры Г.С.Әбдірайымованың «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқутышысы мен студенті: басты трендтер, қол жеткізген табыстар және өсуге ұмтылыс» атты зерттеуінің қортындысы ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында жаңашылдықтар мен жасампаздыққа апарар игі істерге түрткі болды. Сауалнама нәтижесінен белгілі болғандай, жұмысқа ең жоғары білікті оқытушыны қабылдау, оқытушылар еңбекақысын көтеру, жемқорлықпен күрес акцияларын жиі өткізу сияқты ұйымдастырушылық кезеңдер университет беделін арттыра бермек. Мұндай игіліктер өсуге жол ашпақ.

Бұдай кейін Ректорат мәжілісінде органикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі Ж.Ә.Әбіловтың хабарламасы тыңдалды. Ж.Ә.Әбілов кафедраны зерттеулік университеттің негізгі құрылымдық бөлігі ретінде қарастырып, тыныс-тіршілігімен, жоспарларымен таныстырды. Кафедра болашағынан кейін Ректор аппаратының басшысы Қ.З.Жүсіпов Ректорат Қаулыларының орындалу барысымен таныстырып, университет қызметкерлерінің шетелдік іс-сапарлары туралы есептері тыңдалды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі