Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасының Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді

08.06.2011

9 маусым сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әкімшілік ғимаратының 9-шы қабатындағы мәжіліс залда сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасының Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді.

Қазақстан Республикасының жоғары білім берудегі даму стратегиясы тапсырмалары аясында жоғары мектеп менеджментінің даму болашағын және тағы да басқа маңызды мәселерді талқылау дөңгелек үстелдің мақсаты болып табылады.

Дөңгелек үстел қазіргі жоғары оқу орындарындағы мәселелер және жоғары оқу орындарын тиімді басқарудың әдісі, жоғары оқу мекемелерін басқарудың жаңа жолы және жоғары мектеп менеджментінің даму болашағы сияқты тақырыптар талқыланады.

Өзекті мәселелер қатары анықталғаннан кейін Мемлекеттік білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясындағы тапсырмалар талқыланып, «Жоғары мектеп менеджменті» курсының 2 топтағы бітіруші тыңдаушыларына мемлекеттік үлгідегі куәліктер табыс етіледі.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі