17 маусым сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның ЖОО проректорларының қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары секциясының кезекті мәжілісі өтеді.
Іс-шара аясында «Қазіргі жағдайдағы білім беру үрдісі» атты Дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда. Онда модульдік бағдарламаларды жоспарлаудағы құзыреттілік тәсілдер, студенттердің өзіндік жұмысы – оқытудың негізгі бір фомалары ретінде және ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта есептеудегі қазақстандық моделі аясында академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру сияқты өзекті тақырыптар қаралады.
Академиялық ұтқырлықты және студенттерді жазғы семестрге белсенді қатысуға шақыру сондай-ақ, ғылым мен білім беру қызметтерін интеграциялау мақсатында РОӘК секция мүшелері биология, химия және физика факультеттерінің ғылыми-зерттеу лабораторияларын, журналистика факультетінің теле-радио кешенін, жастар ақпараттық орталығын аралайды.
Сонымен қатар мәжілісте грифке сәйкес (РОӘК және ҚР БҒМ) оқу басылымдарын 1 бакалавриат, 7 магистратура, 13 докторантура мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламаларын бекітуге ұсынады
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі