14 мамыр мен 10 маусым аралығында тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаменті факультеттердің куратор-эдвайзерлер кеңесі төрағаларына арналған семинар өткізді.Бұл семинаркуратор-эдвайзерлердің қызметін жақсартуға арналған.
Семинар төмендегі тақырыптар бойынша өтті: Куратор-эдвайзерлер кеңесі қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері, аға куратор-эдвайзерлердің функционалды міндеттері, қызметтік рейтингтерін бағалау жүйесі, студенттермен тәрбие ісі бойынша өткізілетін әдістемелік материалдардың жасалуы және т.б. Семинардың модераторы проректор Шолпан Жаманбалаева, департамент директоры Гүлнәр Сәрсенбекова.
15-17 шілде аралығында факультеттер мен кафедраларда өткізіледі.
8-10 шілде аралығында Ыстық көл жағалауында жылжымалы семинар өткізіледі деп жоспарлануда. Семинар бағдарламасы бойынша психологиялық тренингтер мен конкурстар және ойындар өткізіледі.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі