- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚазҰУ-да Алматыны инновациялық орталыққа айналдыруға байланысты кеңес өтті
15.06.2011Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласының әкімшілігі жанындағы Инновациялар және жаңа технологиялар бойынша кеңесінің мәжілісі өтті.
Мәжіліске әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы Бақтияр Мәкен, ҚР ЖОО Қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының бірінші Вице-президенті Нәдір Нәдіров және Алматы қаласындағы ірі компаниялар мен ЖШС басшылары қатысты.
Кеңес мәжілісінің алғысөзінде академик Ғалымқайыр Мұтанұлы: «Кеңестің басты жұмысы Алматыны инновациялық қалаға айналдыруды қарастыру. Қалада орналасқан инфрақұрылымдардың дамуына және бір ізділенуіне ықпал ету», - деді.
Күн тәртібінде Алматыны инновациялық қалаға айналдыру жұмыстары қаралды. Бұл ретте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов «Инновациялық Алматы – жаңа технологиялық платформаға серпіліс» жобасымен таныстырса, ҚР Жоғары оқу орындары Ассоцияциасының Президенті Рахман Алшанов «Инновациялар бойынша эксперттік кеңестің құрылуы туралы» ақпарат жасады. Ал «Альянс Банк» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Әуелбек Тоғжанов «Инновациялық Алматы – жаңа технологиялық платформаға серпіліс» жобасының басқарушы компаниясын құру туралы баяндады.
- Елбасы саясатының басты талабы – Қазақстанды инновациялық мемлекетке айналдыру. Осы орайда біз Алматының инновациялық келбетін қалыптастырып, осы бағытта экологиялық мәселелердің шешім табуына, энергетиканы үнемдеуге жағдай ойластыруымыз керек, - деді Ғалымқайыр Мұтанұлы «Инновациялық Алматы – жаңа технологиялық платформаға серпіліс» жобасымен таныстыру барысында. Жобаның негізгі мақсаты халықаралық дәрежеде Алматының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін технологиялық және инновациялық платформаны жаңарту, өмір сүру деңгейін жақсарту, өндірістік белсенділікті көтеру және жоғары жағдайдағы жұмыс орындарын құру сияқты мақсаттар жобаның негізі екендігін атады. Соның негізінде Алматыны – Қазақстан мен Орта Азиядағы жетекші инновациялық-технологиялық орталыққа айналдыру екендігін жеткізді.
Жобаны зер сала тыңдаған кеңес мүшелері өзара пікір алмасып, жоба төңірегінде ой бөлісті. Одан кейін Инновациялар және жаңа технологиялар бойынша кеңесінің мәжілісі жоб шешімін қабылдады. Онда «Инновациялық Алматы – жаңа технологиялық платформаға серпіліс» жобасын мақұлдап, Инновациялар бойынша эксперттік кеңесті және жобаның басқарушы компаниясын құру туралы айтылды. Алматы әкімшілігіне Алматы қаласы аудандарына рейтинг жасап, инновациялық мінездемесін пайымдау ұсынысын жеткізу айтылды. Алда Алматы қаласының әкімшілігі жанындағы Инновациялар және жаңа технологиялар бойынша кеңесінің кезекті мәжілісі қала әкімінің қатысуымен тағы ұйымдастырылатындығы айтылды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі