24 маусымда мемлекет және құқық институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетімен бірігіп, «Қазақстандық қоғамның жаңартылуы жағдайында саяси жүйені қалыптастыру және жетілдіру (теория мен тәжірибе мәселелері)» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Бұл конференция ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор Ғ.С. Сапарғалиевті еске алуға арналды. Конференция заң факультетінің Ғылыми кеңес залында өтті.
Ғайрат Сапарғалиұлы – Республикамыздағы ең беделді және атақты мемлекеттанушы, оның еңбектері оқу, ғылыми-зерттеу барысында мұғалімдер мен студенттер арасында белсенді түрде зерттеледі және оқытылады.
Академик Сапарғалиев әлемдегі өмірдің өзгеруін сезіне отырып, әрқашан азаматтық ұстанымды ұстады, ал ғалымның көзқарасы мен ойы Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық саясаттың негізінде болды.
Ғ. Сапарғалиев – Республикада және шет елдерде шығарылған 300-ден аса басылымның авторы. Академиктің ежелгі кезеңнен мемлекеттік басқаруға дейінгі және тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысына дейінгі кезеңдегі мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәселелеріне арналған 60-тан астам монографиясы мен оқулықтары жарық көрген.
Конференция жырағында Қазақстандық қоғамның жаңартылуы жағдайында саяси жүйені қалыптастыру және жетілдіру бойынша, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай Қазақстанның заңнамасы мен саяси жүйесін жетілдіру бағыттарына ұсыныстар мен пікірлер және құқықтық ғылымдағы өзекті мәселелер талқыланды.
Ғылыми-теориялық конференция барысында атақты ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдардың және Қазақстан мен шетел қоғамдық бірлестігінің өкілдерінің қатысуымен өтті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі