- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Солтүстік Тянь-Шаньға экспедиция жасалды
24.05.2021Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Зоология институты және Алматы қорығының зерттеушілері Солтүстік Тянь-Шаньға экспедицияға шығып, әлемдік ғылыми қауымдастыққа үлкен құндылығы бар ерекше материалдарды ұсынды. Жобаға Францияның кинорежиссерлері қатысты.
Сирек жыртқыш сүтқоректілерді зерттеу мақсатында Іле және Күнгей Алатауына (Солтүстік Тянь-Шань) саяхат қолайсыз ауа-райында өтті. Қатысушыларға қиыншылықтарды жеңіп, таулы жерлерде жұмыс істеу үшін барлық күш, табандылық, батылдық және ғылыми қызығушылық қажет болды.
Экспедицияға Францияның кинорежиссерлары Артур Гал мен Стив Вушия қосылды, олар Қазақстанның жабайы табиғаты туралы деректі фильмге видео және фотоматериалдар жинады.
Экспедиция мүшелері – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының және Зоология институтының қызметкерлері Назерке Бижанова, Алексей Грачев, Салтөре Сапарбаев, Сергей және Максим Беспаловтар – француз кинорежиссерларымен Солтүстік Тянь-Шань тауларында сирек кездесетін жыртқыш аңдар – қар барысы мен Түркістан сілеусіні, сондай-ақ оларды дәстүрлі далалық әдістермен және фотоаппарат құралдары арқылы зерттеу әдістері туралы ақпаратпен бөлісті.
Экспедиция биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедраның оқытушысы мен 2 курс докторанты Назерке Бижановаға «Солтүстік Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігіндегі Түркістан сілеусінінің (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) популяциясы және сақталу жағдайы» тақырыбындағы жобаны аяқтауға рұқсат берді. Жобаны Rufford Foundation қаржыландырды (Табиғатты қорғауға арналған Rufford Small Grants).
Жобаның арқасында Еуразиялық сілеусіннің сирек кездесетін тұқымын толығырақ зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл зерттеулер Назерке Бижанованың «Солтүстік Тянь-Шаньдағы Түркістан сілеусінің таралуы және таксономиялық орны» атты докторлық диссертациясының бөлігі болып табылады.
Нәтижесінде Назерке «Genius» Халықаралық спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырған «Үздік жас ғалым» жобасының жеңімпаздарының бірі болып атанды. Біз Назерке Бижанованы осы жетістігімен құттықтаймыз және одан әрі зерттеу жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Пресс-служба КазНУ имени аль-Фараби