Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогына ХІХ республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 40 команда қатысып, шешендер мен сөз шеберлері өз өнерлерін ортаға салды.
Айта кету керек, 11-31 наурыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде іріктеу ойындары өтті. Олардың нәтижелері бойынша қазақ және орыс лигаларынан 40 команда жеңімпаз атанып, республикалық пікірсайыс ойындарына жолдама алды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қолдауымен өткен шараның негізгі ұйымдастырушысы – «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, пікірсайыс бүгінгі таңдағы кез келген жағдайды әр тараптан талдауға және күрделі мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Жасотандықтар, белсенділер, студенттер және дебат клубтарының өкілдері өз өңірлеріндегі өзекті мәселелерді талқылады, өз пікірлерімен бөлісті және «кейстер» ұқсастығы негізінде ағымдағы міндеттерді шешу бойынша өз көзқарастарын білдірді. Қатысушылар «Әлемнің онлайн форматқа толық көшуі», «Барлық қазақстандықтарды міндетті түрде вакцинациялау», «Ел мектептерінде буллингтің алдын алу бойынша тиімді тетік» және т.б. маңызды тақырыптарды талқылап, шешу жолдарын іздеді.
«Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев дебаттар жастар әлеуетін іске асыруға, жаңа көшбасшыларды тәрбиелеуге көмектеседі және қоғамдағы өзекті сұрақтарға жауап береді.
Екі күндік пікірсайыс қорытындысы бойынша, қазақ және орыс лигаларындағы үздік командалар анықталды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және жүлделермен марапатталды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
8(727)-377-31-48