Тәуелсіз еліміздің журналистика саласында аянбай адал қызмет атқарып жүрген Сіздерді 28-маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шынайы ықыласпен құттықтаймын!Қазіргі ақпараттық қоғамда журналистер қауымына артылар жауапкершілік жүгі айрықша.
Өздеріңіздей кәсіби мамандар мемлекет жүктеген міндеттерді іске асыруда, елімізде тұрақтылық пен келісімді нығайтуда, жас ұрпақтың интеллектуалды өсуі мен ұлттық сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.
Қазақ журналистикасының ұстаханасына айналған қарашаңырақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің күнделікті тыныс-тіршілігі мен мен рухани өмірін, әлемдік білім-ғылым кеңістігіндегі жетістіктерінің Сіздер арқылы жиі көрініс табуы – біздің әріптестік қарым-қатынасымыздың жоғары деңгейде екендігінің айғағы.
Университет басшылығының, оқытушы-ғалымдары мен студенттерінің атынан кәсіби мерекелеріңізде Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт-береке тілеймін!Жағымды жаңалықтарыңыз көп болсын! Жауапакершілігі мол еңбектеріңіздің жемісін көріп, әрдайым абырой биігінен көрініңіздер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрғасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ