Жаңалықтар

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары!

18.08.2021

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021-2022 оқу жылында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі білім беру жүйесі қамтамасыз етіледі. 


Карантиндік талап күшейген жағдайда және Денсаулық сақтау Министрлігінің шешіміне қарай онлайн оқытуға көшіру жоспары да қарастырылады.


1-қыркүйекке дейін 18 жастан асқан барлық білім алушылардың вакцинациядан өтуін ұсынамыз.


Барлықтарыңызға денсаулық тілейміз және дәстүрлі оқытуды қайта қалпына келтіру кезеңінде Сіздің түсіністігіңізбен қолдауыңызға сенім артамыз!


Құрметпен, университет әкімшілігі!