Жаңалықтар

«Қазақстан жастар конгресінің» кубогы үшін пікір-сайыс турнирі өтеді

17.08.2011

20 тамыз күні «ҚазҰУ қалашығында» әл-Фараби ескерткіші маңында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан жастар конгресінің» кубогы үшін пікір-сайыс турнирі өтеді.

Турнирдің ұйымдастырушысы «Қазақстан жастар конгресі», шараны қолдаушы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жастар ұйымының комитеті.

Ұйымдастырушылар пікір-сайысты жаңа бағытта, casual стилінді өрбітпек. Қаланың үздік спикерлері еліміздің түйіткілді мәселелерімен қатар ел егемендігін алғалы бері жеткен жетістіктерімен бағындырған асуларды да тілге тиік етпек. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жастар ұйымының комитетінің мәліметі бойынша пікір-сайыс барысында мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалар талқыға салынбақ. Бұл әрбір жастың патриоттық сезімімен қатар, саясатқа деген құштарлығын оятып, Қазақстанның гүлденуіне септігін тигізер өзге де бағдарламалар мен тың ойлардың сарапқа салынатын кезі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашанда интеллектуалды студенттердің әлеуетін арттыру үшін өз ықпалын тигізіп, оң көзқарасын білдіріп келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, пікір-сайыстағы тұшымды ойлар мен сүбелі сөздер интеллектуалды жастардың саясатқа деген талпынысын, ерік-жігерін арттырып қана қоймай, болашақ ел көшбасшыларын тәрбиелесе керек.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі