- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Студенттерге арналған бизнес-семинар
16.09.2021ҚазҰУ-да Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында Фараби университеті күні атап өтілуде. Ауқымды шара Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған болашағы зор жастарға арналған «Business Day Almaty 3.0» тәжірибелік семинардан бастау алды.
Al-Farabi Bussines school және Тұран университетімен бірлесіп өткізген онлайн-семинарда спикер ретінде белгілі бизнес-тренерлер, коучтер және кәсіпкерлер сөз сөйледі. Олар студенттермен кәсіпкерлік саласында тәжірибеде жинақтаған білімдері әрі дағдыларымен бөлісті. Шеберлік сынып қатысушылары бизнес-модельдерді құрудағы ең соңғы үрдістер туралы біліп, ӘММ-стратегиясының тиімді құралдары және «Amazon, Ebay и Etsy» әлемдік алаңдарында сатудың негізгі қағидаттары туралы құнды ақпаратқа қанық болды. Студенттер өздерін қызықтырған сауалдар қойып, өзекті тақырыптарды талқылауға белсене қатысты.
«Мен мұндай бизнес-тренингке алғаш рет қатысуым, – дейді заң факультетінің төртінші курс студенті Құралғасыр Жанболатұлы. – Алдағы уақытта осындай іс-шаралар мүмкіндігінше көп өткізілсе екен деймін. Себебі, бүгінгі шарадан ерекше мотивация алып, өмірге деген өз көзқарасымды өзгерттім. Шараға қатысқан басқа да студенттер дәл мен секілді жаңа ақпаратқа қанығып, пайдалы дүние алды деген ойдамын».
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин семинарға қатысушыларды құттықтай отырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі жастардан «жаңа ағымдарды ұстану ғана емес, бір қадам алда болу, трендтер қалыптастыру» талап етілетінін атап өтті. «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында студенттерді байқауға қатысуға және 2 млн. теңгеден 5 млн теңгеге дейін грант ұтып алуға шақыра отырып, ол жастарды: Қателіктерден қорықпаңыз! Өсу үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеңіз, байқап көріңіз және жасаңыз, сонда сіз міндетті түрде табысты ұрпаққа айналасыз» - деді.
Биыл Алматыда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша 512,9 млн теңгеге 162 жоба, оның ішінде 186,4 млн теңгеге инновациялық - 56 жоба грант алған. «ALMATY Business-2025» кәсіпкерлікті дамыту өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы кәсіпкерлер мен бизнес бастамасы бар тұлғалар үшін онлайн және офлайн форматтарда тегін оқыту жүргізеді. Сонымен қатар, edu.qoldaý.kz платформасында қолжетімді болатын «Жастар кәсіпкерлігі» оқыту курсын іске қосу жоспарлануда. Оның көмегімен студенттер толыққанды бизнес-модель мен болашақ өнімнің прототипін түсіне алады.
Business Day Almaty аясында ҚазҰУ-дың Ғылыми-инновациялық көрмесі өтті, оның экспозициясында Қазақстан нарығына енгізуге дайын әзірлемелер ұсынылды. Олардың ішінде наноспутник, наноматериалдар негізіндегі датчиктер, нанобөлшектері бар энергия үнемдейтін шамдар, биологиялық белсенді препараттар, физика бойынша бағдарламалық кешен, қорғаныс шлемдері және электрцикл бар.
Көрме экспонаттарымен Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері, сондай-ақ «Qoldaý» орталығының басшылығы ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу институттары мен факультеттерінің зертханаларында жасалған импорттық аналогтарды толығымен алмастыра алатын отандық өндірістің жоғары сапалы өнімін жоғары бағалады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі