Жаңалықтар

ҚазҰУ Ректорының есептік баяндамасы

08.10.2021

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-дың БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР Ж.Қ.ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ


Құрметті есепке қатысушылар, алыс-жақыннан Zоом-ға қосылып отырған әріптестер, зиялы қауым өкілдері, оқытушы-профессорлар құрамы, ата-аналар, білімгерлер!

  

Университет ұжымы 2020-2021 оқу жылында халықаралық және республикалық деңгейде жоғары маңызды бірқатар жұмыс атқарды.  

Барлық іс-шаралар жыл бойы республикалық  БАҚ-та жарияланып отырды. Атап айтсақ,  «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Ана тілі», «Түркістан», «Хабар», «Қазақстан», «Алматы» телеарнасы және т.б. Сондай-ақ университеттің фейсбук, инстаграм, ютуб, телеграм парақшаларында  күн сайын бөлісілді.

Университеттің барлық жұмысын қысқа уақытта  толық айтып шығу мүмкін емес. Сондықтан білім ордасының басты бағыттарына тоқталып өтпекпін.

 

Құрметті қауым!

 

     Бүгінгі күні білім және ғылым саласы қоғамның алдында тұрған түбегейлі жаңа міндеттерді шешуі қажет. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағымдағы жылы өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында «Білім алдағы онжылдықтағы біздің ұлттық идеямыз болуы тиіс» деп баса айтқан болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында: «Қазақстандық білім мен ғылымның алдында ауқымды, кезек күттірмейтін міндет тұр – тек жаңа тенденцияларға ілесіп қана қоймай, сонымен қатар бір қадам ілгерілеп, тенденциялар қалыптастыру қажет», – деген болатын.

 Қойылған міндеттерді шешу жаһандық пандемия мен елде және жалпы әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жүзеге асырылуы керек. Бұл жағдайда қазақстандық жоғары оқу орындары жоғары даму қарқынын көрсетіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуы тиіс.

УВАЖАЕМЫЕ УЧАСТНИКИ! 

 

Казахский национальный университет имени Аль-Фараби является одним из старейших вузов страны и обладает особым статусом.

Университет существенно наращивает научно-образовательный потенциал и становится драйвером интеллектуального роста не только в масштабах страны, но и на международном уровне.

Сегодня мы являемся многопрофильным университетским комплексом из 16 факультетов естественно-научного, инженерно-технического и социально-гуманитарного направлений.

Научная система включает 8 научно-исследовательских институтов и 29 научных центров.

Действуют свыше 140 научных и учебно-исследовательских лабораторий.

Функционирует Медицинский диагностический центр, Дворец студентов им. О.А.Джолдасбекова, Центр обслуживания студентов «Керемет», Спортивно-оздоровительный лагерь на озере Иссык-Куль.

Совместно с научно-исследовательскими институтами, подведомственными Министерству образования и науки, реализуется проект «Интеграция образования и науки».

Университет имеет более 500 международных соглашений с зарубежными вузами и научными центрами.

 

 

 

 

 

ГЛОБАЛЬНАЯ КОНКУРЕНТОСПОСОБНОСТЬ

 

Благодаря истории, высокому уровню профессионализма преподавателей и ученых университет имеет глобальную конкурентоспособность.  

На постсоветском пространстве только два университета входят в топ-200 лучших университетов мира, это МГУ им. М.В.Ломоносова (78 место) и КазНУ им. Аль-Фараби (175 место).

Университет является первым и единственным вузом в Центрально-Азиатском регионе, получившим «Пять звезд» превосходства в международном рейтинге «QS Stars Rating System».

Также университет входит в топ лучших по 17 направлениям подготовки, что доказывает конкурентоспособность образовательных программ.

По оценке Европейской научно-промышленной палаты, университет получил в этом году высокую оценку «АА+» и стоит в одном ряду с ведущими университетами Европы.

В национальных рейтингах КазНУ имени Аль-Фараби постоянно занимает лидирующие позиции.

 

 

  

 

ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛЫҚ ҚҰРАМЫ

 

 Біз университеттің кадрлық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударамыз.

Оқу процесін 2800-ге жуық білікті оқытушылар жүргізеді, олардың 70 пайыздан астамының докторлық, кандидаттық және PhD ғылыми дәрежелері бар.

Университет университеттің кадрлық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударады.

Оқытушы-профессорлық құрамның штат саны шамамен 2,9 мыңды құрайды. Оның ішінде 1,2 мыңнан астам докторлар мен ғылыми кандидаттар және 350-ге жуық PhD докторлары еңбек етеді.

Университет профессорларының арасында Ұлттық ғылым академиясының 10 академигі мен 7 корреспондент-мүшесі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың 14 лауреаты бар.

Университеттің 400-ден астам оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегерлері болып табылады. Бұл республика  бойынша алғанда 20 пайызды құрайды.

Грант аясында оқытушылар әлемнің жетекші университеттері – Гарвард, Йель, Стэнфорд, Берклиде біліктілік арттырды. Халықаралық конференцияларға қатысып, монографиялар мен оқулықтар шығарды.

Оқытушылардың халықаралық қауымдастыққа бірігуіне үлкен көңіл бөлінеді. 100-ден астам ұстаз әлемдегі үздік 300-ге кіретін университеттерде тағылымдамадан өтті.

 Сондай-ақ біздің оқытушылар «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамаға белсенді қатысады (27 қыркүйекке дейін 21 адам).  

Университеттің 40-тан астам профессоры Венгрия, Германия, Моңғолия, Франция, АҚШ, Ресей, Түркия, Өзбекстан және басқа елдердің университеттерінде дәріс оқыды.

Біз жетекші шетелдік ғалымдарды университетімізде дәріс оқуға:

  • Уэйн Детройт (АҚШ) университетінде жұмыс істейтін белгілі математик Уәлібай Өмірбайды;
  • Кембриджде жұмыс істеген белгілі нейробиолог Базылбек Дәулетовті шақырдық.

Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында Еуропа, АҚШ, Ресей, Түркия университеттерінің 35 профессоры шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша университетте дәріс беретін болады.

Оқытушыларды материалдық ынталандыру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Мәселен, ағымдағы жылдың өзінде жалақы екі рет өсті. Бірінші рет ақпан айында 20 пайызға көбейіттік. Екінші мәрте Білім және ғылым министрінің нұсқауына сәйкес, 1 қыркүйектен бастап белгіленді.

Енді мұғалімнің ең төменгі жалақысы – 285 мың, аға оқытушы үшін – 312 мың, доцент үшін – 389 мың, профессор үшін – 500 мың.

Жалақының бұл деңгейі бізге білім сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

Біз сондай-ақ оқытушылардың есеп беру жұмыстарын қысқарту бойынша жұмысты бастадық.

Оқытушылардың мәртебесі мен олардың университеттің дамуына қосатын үлесі де артып келеді.

Біз әріптестерімізді алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын қолдануға, іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысуға бағдар береміз.

Сондай-ақ қала және жалпы ел деңгейінде әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға атсалысып, белсенді қатысуларын ескереміз.

 

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАР КОНТИНГЕНТІ

 

 Университетте шамамен 25,9 мың студент бар, оның ішінде: грант негізінде – 80 пайыз, келісімшарт бойынша – 20 пайыз білім алады.

Анықтама үшін: бакалавриатта – 21 294, магистратура мен докторантурада – 4642. 

Биыл шамамен 7,7 мың студент оқуға қабылданды:

Анықтама үшін:

бакалавриатқа – 5,6 мың (73 пайыз);

магистратураға – шамамен 1,7 мың (22 пайыз);

докторантураға – 361 (5 пайыз).

 

Бакалавриатқа өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп. Сондай-ақ магистратурадағы грант иегерлерінің саны 1,2 есеге өсті.

Жалпы алғанда, университет елдегі грант иегерлерінің жалпы санының шамамен 7 пайызын қабылдады.

Сондай-ақ біздің университетте оқуды талантты жастар көбірек таңдауда. Егер өткен жылы «Алтын белгі» иегерлерінің саны 508 болса, биыл – 1058, яғни екі есеге көбейді.

Халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар жеңімпаздарының саны 2,6 есеге өсті. Сонымен қатар Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері үш есеге артты.

Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда дарынды жастарды тарту көрсеткіші 2,2 есеге өсті.

Әлемнің 50 елінен 2,4 мыңға жуық шетелдік студенттер білім алуда. Біз 2025 жылы шетелдік студенттердің үлесін 25 пайызға дейін жеткізу міндетін қойдық.

Біз бірқатар шетелдерде филиалдар ашамыз: Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения. Бұл қазақстандық білім беруді халықаралық аренада ілгерілетуге қосқан елеулі үлес.

Биыл «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша  университеттің 70 студенті Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия университеттерінде бір семестр бойы оқитын болады.

 

 

                   ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

 

 Біздің түлектер еліміздегі ең көп сұранысқа ие түлектер қатарында.

Анықтама үшін: түлектердің жұмысқа орналасуы орта есеппен 94 пайызды құрайды.

 

Университет түлектері барлық салада табысты еңбек етіп, қазіргі студенттерге және жалпы университетке  ауқымды қолдау көрсетуде.

 

 

 

 

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақстандық ЖОО-лар арасында көшбасшы болып табылады.

 2021 жылы біз әлемдегі ең жақсы университеттердің QS рейтингінде түлектердің жұмысқа қабілеттілігі бойынша үздік 201-250-ге кірдік.

«Жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі» көрсеткіші бойынша университет әлемде 55-орында.

 

Биыл біз алғаш рет халықаралық стандарттарды ескере отырып әзірленген өз дипломдарымызды бердік. Бұл қадам университеттің беделі мен имиджін одан әрі арттырады.

 

 

 

 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ПРОГРАММЫ

 

Реализуется более 650 образовательных программ:

  • 120 - программы двойного диплома совместно с вузами США, Европы, Юго-Восточной Азии, Российской Федерации.
  • 92 - программы реализуются на английском языке.

Порядка 35% преподавателей ведут занятия на английском языке, свыше 2 тысяч студентов обучаются в английских группах.

 

 

 В этому году мы существенно актуализировали программы и запустили свыше 100 новых по самым актуальным и перспективным сферам.

Это нейронаука, киберфизика, биологическая инженерия, робототехнические системы, природно-техногенные риски по естественно-научному и инженерно-техническому направлению.

По социально-гуманитарному направлению: госуправление и общественная безопасность, цифровая экономика, креативные индустрии, медиакоммуникации, экономика умного города.

Особое внимание уделено подготовке специалистов-вирусологов.

Совместно с разработчиком казахстанской вакцины Научно-исследовательским институтом проблем биологической безопасности запущена образовательная программа «Вирусология».

 

Справочно: для повышения практико-ориентированности обучения сотрудничество с более чем 3 тысячами организаций и предприятий, среди которых: Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», «Казахтелеком», «КазМунайГаз», «Казатомпром», «Казпочта» и др.

 

Программы разрабатываются совместно с индустрией, бизнес-средой, научными организациями.

 Также повышаем практико-ориентированность через приглашение практиков с реального сектора и бизнеса.

Обучение выстраиваем на основе комплексного использования современных технологий.

С IT-сферой активизируем разработку сложных цифровых образовательных ресурсов и виртуальных тренажеров.

Для преподавателей и обучающихся уже разрабатываются программы по развитию цифровых компетенций и навыков проектного управления.

 

 

 

 

НАУЧНО-ИННОВАЦИОННАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

КазНУ имени Аль-Фараби является классическим многопрофильным университетом, сочетающим образование, науку и инновации.

Сегодня университет является лидером по количеству научных проектов и публикации в нашей стране.

Каждая пятая казахстанская публикация в рейтинговых изданиях принадлежит университету.

Пять научных журналов входят в международные базы данных.

Суммарный индекс Хирша наших ученых составляет более 3100.

 

Справочно: Количество ученых и преподавателей, имеющих ненулевой индекс Хирша, достигло почти 1400 человек.

 

Достижения по публикационной активности отмечены тремя номинациями «Лидер науки» базы данных «Вэб оф Сайнс».

 Это подтверждает лидирующие позиции среди казахстанских вузов и НИИ.

Реализуется порядка 500 научных проектов с общим бюджетом более 7,7 млрд тенге по наиболее важным приоритетам научно-технического развития страны.

Нашими учеными получено более 400 патентов и авторских свидетельств.

Университет активно участвует не только в казахстанских, но и в крупных международных проектах.

Ученые-физики выполняют совместные международные научные проекты с крупнейшей в мире лабораторией физики высоких энергий Европейской организации по ядерным исследованиям (СERN), Институтом ядерной физики и Национальным ядерным центром.

В рамках таких проектов преподаватели и студенты имеют возможность пройти стажировки, выполнить свои экспериментальные работы на базе этих лабораторий.

Имеется очень серьезный проект по разработке искусственного спутника земли.

Уже запущены два наноспутника в открытый космос, которые содействуют решению актуальных вопросов сельского хозяйства и экологии.

Выполняются научные проекты по наночастицам и имеются весомые результаты.

Продолжаем программу постдокторантуры и активно участвуем в национальном проекте по развитию науки.

 В настоящее время 35 постдоков формируют научные группы из числа молодых ученых, докторантов и магистрантов, работают в рамках научных проектов.

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ЖИЫНҒА ҚАТЫСУШЫЛАР!

 

Университетте инновациялық жобалар іске асырылуда және аз сериялы өнімдер шығару бойынша 10-нан астам ғылымды қажетсінетін өндірістер құрылды.

Біздің ғалымдар COVID-19-дың алдын алуға белсенді қатысады. Осылайша жергілікті өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттардың аз тонналық өндірісі және дезинфекциялық жуу құралдарын шығару ұйымдастырылды. Жалпы, мұндай 100-ден астам жоба бар. Біз аталған жобалар сипатталған екі томдық кітапты шығарып, нақты сектормен, агроөнеркәсіптік кешенмен және индустриямен ынтымақтастықты күшейту мақсатында әкімдіктер мен министрліктерге жібердік.

 

 

 

ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ

 

Жас ғалымдарды қолдау жүйесі жұмыс істейді, «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» конкурсы өткізіледі.

 Жыл сайын 15-ке жуық қызметкер жас талантты ғалымдар үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болады.

Университетте студенттік ғылым дамып келеді. 2021 жылы «Фараби әлемі» конференциясы аясында студенттік үздік инновациялық жобалар (60-тан астам) байқауы  өткізілді.

ЖОО-ның 200 студенті Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың дипломына ие болды.

 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР САЯСАТЫ

 

 Біздің студенттер әрқашан назарда. Университет басымдықтарының бірі білім алушыларды әлеуметтік қолдау болып табылады. 1000-нан астам студент оқу ақысына 10-25 пайыз жеңілдік алады. Бұл – әлеуметтік осал санаттағы және жоғары спорттық жетістіктері бар спортшылардың арасынан «өте жақсы» және «жақсы» оқитын студенттер, жоғары спорттық жетістіктері үшін оқу ақысына 10-25 пайызға дейін жеңілдік алады.

Біз дарынды студенттерді қолдау үшін демеушілерді белсенді түрде тартамыз. Демеушілеріміздің қатарында 650 білім алушыға стипендия төлейтін 50-ден астам ұйым мен компаниялар бар.

 

Анықтама үшін:  

 

Мемлекеттік стипендия

 Үлгерімі «жақсы», «жақсы және өте жақсы»

Үлгерімі тек «өте жақсы»(белгіленген мемлекеттік стипендия дан 15% үстемеақы)

Көру және есту бойынша мүгедектерге

ҚР Президенті тағайындаған стипендия

 

Студенттерге

26 186,00  

30 114,00  

45 826,00  

52 372,00  

 

Педагогикалық бағыттағы студенттерге

42 000,00  

48 300,00  

73 500,00  

52 372,00  

 

Интердерге

47 431,00  

47 431,00  

83 004,00  

 

 

Магистранттарға

66 913,00  

76 950,00  

117 098,00  

133 826,00  

 

 Докторанттар ға

150 000,00  

150 000,00  

262 500,00  

 

 

Мүмкіндігі шектеулі студенттер жоғары стипендия алады. Денсаулығына байланысты проблемалары бар студенттерге тегін тамақтану талондары беріледі.

Жетім балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсетіледі және жатақханаларда тегін тұру ұсынылады.

 

Университетте студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі дамыған, студенттердің 40 пайызға жуығы қатысатын 30-дан астам студенттік ұйымдар бар.

Жастар ұйымдары әртүрлі бағытта жұмыс жасайды:

  • Жоғары студенттер кеңесі
  • Болон процесі бойынша студенттер бюросы
  • «Көмек» еріктілер қозғалысы
  • «Алтын сапа» пікірсайыс клубы және 15 студенттік деканаттар.

 

 Студенттердің белсенді позициясын қалыптастыруға ықпал ететін инновациялық жобалар кешені іске асырылуда: «Мен жастарға сенемін», «100 кітап», «Жасыл кампус».

Бұл студенттердің маңызды әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мүмкіндіктерін арттырады.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қазақстандық және халықаралық спорт аренасында белсенді өнер көрсетуде.

Токио олимпиадасында біздің студенттер мен түлектер төрт қола медаль алып келді (ауыр атлет Игорь Сон, суда жүзуші Нұрдәулет Жұмағали, дзюдошы Елдос Сметов, еркін күрескер Нұрислам Санаев).

 

КОРПОРАТИВНОЕ УПРАВЛЕНИЕ

 

В 2020 году казахстанские госвузы были трансформированы в некоммерческие акционерные общества.

Мы формируем эффективную модель корпоративного управления. Повышаем участие ППС, обучающихся и сотрудников в принятии решений по основным направлениям университета. 

Справочно: планируем увеличить с 9% до 20% долю сотрудников, участвующих в системе корпоративного управления.

Будут функционировать комитеты по академическому, научному и общественному направлениям на уровне факультетов и университета.

Это обеспечит единую систему корпоративного управления во главе с Советом директоров во главе с Министром образования и науки.

Членами Совета являются известные представители образования и науки, бизнеса, социологии и медиа.

 

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ

 

 В университете имеется разветвленная система компьютерных платформ и программ.

Все это способствует организации учебного процесса в традиционном и онлайн формате.

Вместе с тем, в стране задан новый вектор цифровизации. Поэтому мы создаем единую цифровую архитектуру вуза.

                                                                     

  

                                                                     

ПОКАЗАТЕЛИ ФИНАНСОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

 

 Главная цель финансовой деятельности вуза – создание максимально благоприятных условий для обучающихся и преподавателей.

На 2021 год планируемый доход составит 150 млн.

При этом выручка от государственного заказа составляет 19,3 млрд тг, от коммерческой деятельности – 6,7 млрд тг. Итого 27 млрд тг, что на 10% больше, чем за прошлый год.

Заметно выросли расходы за 2021 год, в том числе из-за повышения заработной платы сотрудникам Университета и проведенного текущего ремонта учебных корпусов и общежитий.

Наряду с этим, выявляются и минимизируются непродуктивные затраты.

Проводятся мероприятия по увеличению доходной и оптимизации расходной части.

Мы планируем аутсорсинг непрофильных бизнес-процессов по эксплуатации объектов инфраструктуры.

Все это позволит сконцентрироваться на решении первостепенных задач по повышению качества образования и науки, а также дальнейшему стимулированию сотрудников.

 

 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – бұл студенттер қаласы. Мұнда республиканың барлық өңірлерінен келген жастар оқиды.

Университет кампусы бірыңғай кешенді ұсынады және 54 жылжымайтын мүлік объектісін қамтиды. Оның ішінде: 18 оқу-зертханалық корпус және 5,4 мың орындық 17 студенттік жатақхана бар.

Ғимараттардың жалпы ауданы 311,9 мың ш.м. құрайды, оның ішінде:

  • ·   оқу-зертханалық корпустар – 221,2 мың ш.м.;
  • ·   жатақхана – 90,6 мың ш.м.

Стадион және тоғыз спортзал бар.

Университетте жалпы ауданы 17 846,1 ш.м. және қоры 2 млн томнан астам әдебиет бірліктері жеке орналасқан кітапхана бар.

 

 

Студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді.

Барлық оқу корпустары мен жатақханаларда электрондық өткізу жүйелері енгізілді.

Заманауи бейнебақылау жүйесі орнатылды.
Интернетке қолжетімділік бар.

Кампус аумағында толыққанды білім беру мен бос уақытты өткізуге арналған тұтас кешен жұмыс істейді:

  • ·   Жаттығу залы, спорт алаңдары және секциялары бар спорт кешені.
  • ·   Студенттерге арналған білім беру, медициналық және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің кең спектрі бар «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы.
  • ·   Сондай-ақ жеке кинотеатр бар.

1 қыркүйектен бастап дәстүрлі форматтағы сабақтар басталғандықтан, оқу корпустары санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарын толық сақтау үшін қажетті жабдықтармен және құралдармен жабдықталған.

Биыл біз инфрақұрылымды айтарлықтай жаңартамыз:

  • косметикалық жөндеу жеті оқу ғимаратында жүргізілді;
  • үш оқу ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда;
  • 14 жатақхана жөндеуден өткізіліп, студенттер үшін қазіргі заманға сай жағдай жасалған.

Барлық жөндеу жұмыстарын сыртқы мердігерлерді тартпай, университет қызметкерлері жүргізді.

Компьютерлік техниканы жаңарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді, 800 компьютер сатып алынды және факультеттерге берілді.

 

Анықтама: 65 интерактивті дисплей, 80 заманауи проектор, 279 ноутбук, 43 моноблок, 178 персоналды компьютер, 86 көпбейінді құрылғы.

 

Кампустың аумағы абаттандырылуда.

Биыл университет ұжымы 600-ден астам ағаш отырғызып, Елбасы аллеясын ашты.

 

 

  

 

 

  

 

Біз университетте білім беру мен ғылымның озық инфрақұрылымын жасауға бағыт алдық, біртіндеп бар мәселелерді шешетін боламыз.

Біріншіден, жатақханалардың ескіруі. Көпшілігінде пайдалануға берілгеннен бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Коммуникация жүйесі апаттық жағдайда.

15 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж. Соңғы студенттік жатақхана 1991 жылы салынып, қолданысқа берілген.

Екіншіден, ескірген оқу ғимараттары.

Аудиториялардың, оқу жиһаздары мен техникалық құрал-жабдықтардың тозуы шегіне жеткен.

Инженерлік желілер мен коммуникацияның жарамдылық мерзімі өткен.

Жаңа ғимараттар мен аудиториялар қажет.

 

 

 Кампусты дамытудың 2025 жылға дейінгі жұмыс жоспары жасалды, ол жатақханалар мен оқу корпустарын қайта жаңарту мен салуды қарастырады.

Біз Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығымен бірлесе отырып, жатақханалар салу үшін инвесторлар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Бұған қоса, біз бюджетке түсетін жүктемені төмендететін шетелдік инвестицияларды тартудың түрлі тетіктерін қарастырудамыз.

 

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР!

 

Жалпы, университет ұжымы биыл көптеген жұмыстар атқарды.

Болашаққа маңызды жоспарларымыз бар.

Біз өз университетімізді студенттер мен оқытушыларға барлық жағдай жасалатын заманауи кампус ретінде көреміз.

Жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлау республикалық ауқымда жүргізілетін болады.

 Оқытушылар әлемнің үздік университеттерінде тағылымдамадан өтеді.

Біз ОПҚ мен ғалымдардың жалақысын көтеру және материалдық ынталандыру саясатын жалғастырамыз.

Университет ғалымдары елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлестерін арттыра түседі.

Магистранттар мен докторанттар озық ғылыми зерттеулерге белсенді қатысатын болады.

Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жаңа деңгейге көтеріледі.

Университет қағаз оқулықтардың орнына планшеттер мен компьютерлерді қолдана отырып, цифрлық жүйеге көшеді.   

Студенттер қазірдің өзінде технопарк базасында өздерінің гаджеттерінің (планшеттердің) сынақтық құрастыруын бастады.

Жаңа жатақханалар мен оқу ғимараттары салынады.

Біз студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге қолайлы жағдай жасаймыз.

Оқу ғимараттары заманауи цифрлық технологиялармен және оқу жиһаздарымен жабдықталады.

Әр аудитория сандық тақталар және панельдермен жабдықталады.

Озық ғылыми зертханалар мен заманауи оқу орталықтарын құру жоспарлануда.

Біз университет интеллигенциясына ерекше рөл береміз.

Алдымызда оқу ордасының  90 жылдық мерейтойы келе жатыр. Осы айтулы датаға нақты жобалармен, айтулы жетістіктермен жетеміз деген ойдамын.

Біз мемлекетіміздің әлеуметтік маңызды салаларына белсенді қатысатын боламыз.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы нақты істермен және жобалармен атап өтіледі.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы жылында қазақстандық әрі шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен дипломаттардың қатысуымен бірқатар ғылыми және тәжірибелік іс-шаралар өткізілді.

Біз тәуелсіздіктің қалыптасуындағы білім мен ғылымның рөлі туралы кітаптар мен оқулықтар сериясын дайындап жатырмыз.

Біздің университеттің түлектері Қазақстан мемлекеттігінің дамуы мен қалыптасуына белсенді атсалысқанын атап өткім келеді.

Жалпы, біз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың одан әрі дамуы еліміздің адами (интеллектуалды) капиталын және ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуға бағытталуын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз.

 

Назарларыңызға рақмет!