Жаңалықтар

Жоғары білім сапасы мәселелері талқыланды

18.10.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері Астана жоғары технологиялық университетінде (Нұр-Сұлтан) өткен «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: ұлттық деңгейдегі механизмдер мен институционалды енгізу» тақырыбындағы халықаралық аймақтық семинар жұмысына қатысты.


Семинар жоғары оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің тиімді ұлттық моделін талқылау және әзірлеу арқылы профессор-оқытушылар құрамы мен университет студенттері арасында сапа мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізілді.

Кең ауқымды шараға Қазақстандағы NEO, ЭРВО Жоғары білімді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар тобы Білім және ғылым министрлігімен бірге және Еуропалық комиссияның білім және мәдениет жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттігінің (EACEA) әдістемелік және қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, оқу жұмысы бойынша кафедра меңгерушілері, декандар мен кафедра меңгерушілері, кәсіпорын өкілдері, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Жиынға сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің өкілдері де қатысып, пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.

Іс-шара барысында қатысушылар ЕО елдерінің жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру тәжірибесімен танысты. Көрермендердің назарына Қазақстандағы қазіргі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің талдауы ұсынылды. Сонымен қатар ұлттық деңгейдегі сапаны қамтамасыз ету құралдары, институционалдық деңгейде сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін енгізу тәжірибесі қарастырылды.

Негізгі спикерлер Ұлыбританиядан келген халықаралық сарапшылар болды: QAA аккредитация, серіктестік және саясат жөніндегі менеджері –Элисон Фелс, сапа жөніндегі халықаралық маман – Ян Уэлч.

Big Data және жасанды интеллект кафедрасының меңгерушісі М.Мансұров тәжірибелік тапсырмаларды орындау бойынша модератор болды.

«Жоғары оқу орындарындағы сапаны қамтамасыз етудің қазіргі жүйесі: алға жылжу нүктесі» тақырыбында өткен семинардың негізгі баяндамасын ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Г.Көбенова жасады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі