Жаңалықтар

Әскери кафедрадағы әскери-патриоттық акция

27.10.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 22 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы «Патриоттарды тәрбиелеу» әскери-патриоттық акциясын өткізді. 


Патриоттық акцияға 50-ден астам мектеп оқушылары, Киров атындағы Юнармейцы әскери-патриоттық клубының белсенді қатысушыларымен бірге, үйірме жетекшісі, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, Алматы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті жанындағы балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесі жөніндегі «Жас сарбаз» қозғалысының кеңесшісі Бақытжан Перімбет қатысты. 


 Еліміздің озық жоғары оқу орнының әскери кафедрасы әскери-патриоттық жұмысының орталығында әскери кафедра бастығы, запастағы полковник Олег Ажимов Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының бірінші қорғаныс министрі, армия генералы С.Нұрмағамбетов пен Кеңес Одағының Батыры, жазушы майдангер Б.Момышұлы туралы батылдық сабақтарын өткізді. Жас патриоттар «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасына – 87 жыл» атты кіріспе дәрісін қызығушылықпен тыңдады.


Мектеп оқушыларының әскери кафедраға баруы экскурсия түрінде ғана болған жоқ, юнармейлер еліміздегі ең алғашқы университеттің әскери кафедрасының оқу-материалдық базасын көріп, сонымен қатар әскери тарих бойынша қызықты сабақтарға белсене атсалысып, атыс даярлығы, әскери психология мен педагогика бойынша тренингтерге қатысып, ЖҰМ жүргізушісі мен зениттік пулемет жаттығу құрылғыларымен танысты.


Мектеп оқушыларымен сабақ өткізудің бұл жаңа түрі кәсіптік бағдар берумен қатар, қазақстандықтардың өскелең ұрпағын, Отанымыздың нағыз патриоттарын үлкен дәрежеде әскери-патриоттық тәрбиелеуге мүмкіндік береді.