Жаңалықтар

ҚазҰУ магистранты үздіктер қатарында

2-қар-21

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің 1-курс магистранты Әзіл Заманбек «Ақылды жылыжай» жобасымен 2021 жылдың 29 қазанында Алматы қаласының «Байқоңыр» метрополитен станциясында Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасы мен Білім басқармасының қолдауымен Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырған «UpGrade» инновациялық идеялар көрмесінде 3-орынды иеленді.

 

 

Іс-шара «жаңа буын» жұмыстарының көрмесі форматында өтті. Робототехника, дизайн, компьютерлік графика, білім беру және басқа да салалардағы жұмыстар ұсынылды.

Жеңімпазды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!