Жаңалықтар

Танымал актерлермен сыр-сұхбат өткізді

3-қар-21

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы «ҚазҰУ студиясы» университеттік жобасын ұйымдастырды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушы, өнер саңлақтарымен сырлы сұхбат, студенттермен тағылымды кездесулер өткізу.


«ҚазҰУ студиясы» жобасының кезекті қонақтары ретінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдар Отарбаев пен кино және театр актрисасы Сәния Ерзатқызы шақырылды. Шағын форматта өткен офлайн кездесуді «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрағасы Нұридин Бақдәулет жүргізді.

Жастар кеш қонақтарына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, өнер, мәдениет төңірегінде сұхбаттасты.

Әсерлі кездесу соңында ұйымдастырушылар қонақтарға «ҚазҰУ студиясына» келіп, сырлы сұхбат құрғандары үшін университет атынан алғыс хат табыстап, әл-Фараби бабамыздың кітаптарын сыйға тартты.