Жаңалықтар

«Біздің тарих» патриоттық акциясы өтті

5-қар-21

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Біздің тарих» патриоттық акциясы өтті.

Шара барысында кафедраның оқу взводтарында «Біздің тарих» тақырыбында дәрістер оқылып, «Өз Отаныңыздың тарихын қаншалықты білесіз?» атты викторина жүргізілді. Жастардың ел тарихына қатысты білімін толықтыруға бағытталған сауалнама мемлекетіміздің кеңестік және қазіргі заманғы тарихын қамтыды.

Қызықты ойынға әуе шабуылына қарсы қорғаныс циклдары, барлау және мотоатқыштар әскерлерінің командалары қатысты. Нәтижесінде білім мен шапшаңдық танытқан әуе шабуылына қарсы қорғаныс циклдары құрамасының жастары жеңімпаз атанды.

Жастарды отансүйгіштікке үндеген танымдық шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар көңілінен шықты.