Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Түркияның экс-президенті Абдулла Гүлмен кездесу өтеді

19-қар-21

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 20 қарашасы күні сағат 12.30-да Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркияның экс-президенті Абдулла Гүлмен кездесу өтеді.

Жүздесуде әлем таныған тұлға, мемлекет қайраткері А.Гүл оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер алдында дәріс оқып, экономика, саясат саласындағы бай тәжірибесімен бөліседі.

Кездесуге көрнекті саясаткерлер, дипломаттар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері шақырылған.

Шараға қатысатыныңызды farabipress@gmail.com поштасы арқылы растап, алдын-ала хабарлауды сұраймыз.

Мекен-жайы:

Әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат

Байланыс тел: +7(727)377-31-48;

8-777-222-87-64; 8-701-424-95-58

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі