Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22-28 қараша аралығында арнайы апталық өтеді.
Апталық ақынның туындылары, кітаптары, суреттері қойылған Әл-Фараби кітапханасының және Жамбыл мен Сүйінбай музейінің «Жамбыл әлемі» көшпелі көрмесімен ашылады. Бағдарлама барысында түрік тіліне аударылған «Көроғлы» дастанының тұсаукесері жоспарланған.

Шараға халықаралық «Жамбыл» қорының бас директоры, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы, «Жамбыл» әдеби мемориалдық музейінің директоры Салтанат Жамбылова, М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рысжан Аязбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кеңесшісі Мәлік Отарбаев, «Рухани жаңғыру» ғылыми-инновациялық орталығы» жобалық офисінің жетекшісі Нұрғали Ораз және жамбылтанушы ғалымдар қатысады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі