Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Неапольдағы L'Orientale университетінің Азия, Африка және Жерорта теңізі зерттеулері факультетінің доценті Томмазо Тревизанимен кездесу өткізді. Тараптар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен L'Orientale университеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.
Университет басшысы әріптестікті дамыту үшін екі жоғары оқу орны студенттермен алмасып, тағылымдамадан өткізу, қосдипломдық бағдарламалар бойынша белсенді жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. Сонымен қатар Жансейіт Түймебаев Неаполь университетінің ректорын, археолог ғалымдарды Қазақ ұлттық университетіне жұмыс сапарымен келуге шақырды.
Кездесу соңында Томмазо Тревизани кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдіріп, L'Orientale университеті ректорының сәлемін жеткізді. Сондай-ақ мейман оқыту мен зерттеуге бағытталған тұрақты диалогты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі