Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің бірінші курс студенті Диас Әнуар Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Диас Әнуар халықаралық жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Ол джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы және әлем кубогында екі рет күміс алды. Биыл жас спортшы Қазақстан чемпионатында бірінші орынға ие болды. Бұған дейін де ол Абу-Дабиде, Грекияда, Ресейдің Мәскеу және Уфа қалаларында өткен жарыстарға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Спортты жанына серік еткен Диас Әнуар Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті екенімен мақтанады: «Мен мықты білім мен дағдыға ие болатын үздік оқу орнында оқимын. Маған үнемі қолдау көрсетіп, демеу беретін оқытушылар, курстастар мен достарым мен үшін өте қымбат. Менің университетім заң факультетіндегі оқуымды спортпен ұштастыруға мүмкіндік беріп, беделді халықаралық жарыстарға қатысу үшін барлық жағдай жасауда. Осындай қомқорлықтың арқасында мен әлемдік деңгейдегі чемпионаттарда жоғары көрсеткіштерге ие болып, жеңіске жетіп отырмын».
Біз Диасты кезекті жеңісімен құттықтаймыз және оған мықты денсаулық, оқуда табысты, спорттық жеңімпаз бола беруіне тілектеспіз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі