әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде экология мәселелерін ғылыми-зерттеу институты мен биология және биотехнология мәселелерін ғылыми-зерттеу институттарының біріккен «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі экологиялық биотехнология саласындағы жұмыстар» атты ғылыми-практикалық семинары өтті.
Семинарда техногенді жолдармен ластанған қоршаған орта күйін бағалауға қатысты әдістемелік шешімдер және бұзылған экожүйелерді қорғау мен қайта қалпына келтіру тәсілдері, яғни, био- және фиторемедиация технологияларының іргелі аспектерін жасау; мұнайтотықтырғыш микрорганизмдер арқылы мұнаймен ластанған топырақты қайта қалпына келтіру; жинақтау қабілеті бар өсімдіктер арқылы пестицидтермен ластанған топырақты қайта қалпына келтіру; микробалдырларды пайдаланып ластанған су ағымын тазалайтын биологиялық технологиясы; өсімдіктерді қорғайтын құралдар мен биостимуляторларды жасайтын технологиясы қарастырылды.
Экологиялық биотехнология саласындағы ғалымдардың қарқынды ғылыми зерттеулердің нәтижелері бірталай, солардың ішінде: жоғары деңгейде мұнаймен ластанған топырақты тазалауға арналған микроорганизм штаммдары бойынша жасалған дәрі-дәрмектер, ветеринарияға арналған биологиялық дәрі-дәрмектер, өсуге ынталандыру белсенділігі бар микробалдырлардан жасалған биологиялық дәрі-дәрмектер, микробалдырлар арқылы өнеркәсіптік өндірістердің ластанған су ағымын тазарту, ауыр металдар (Zn, Cd) және пестицидтермен ластанған топырақты өсімдіктер-аккумуляторларды пайдаланып тазарту технологиясы.
Семинарға ҚР ҰҒА академиктері М.Х. Шигаева және М.К. Гильманов, аль-Фараби атындағы КазҰУ-дің профессорлары А.А. Жубанова, А.Б. Бигалиев, Т.М. Шалахметова, Т.А. Карпенюк, Б.К. Заядан және т.б. қатысты.
ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі