Жаңалықтар

ҚАЗҰУ-ДА ТӘУЕЛСІЗДІК ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

01.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі басталды.

Патриоттық-танымдық іс-шара Тәуелсіздік тарихы және Қазақстанның қалыптасуындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  ерен еңбегін айшықтау, жастарды отансүйгіштікке баулу, тарихи құндылықтарды қастерлеу  мақсатында қолға алынған.

Онкүндіктің алғашқы күні Елбасы дүниеге келген Шамалған ауылындағы Тұңғыш Президенттің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығынан бастау алады. ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларынан құралған «Елбасы жолымен» экспедициясы Ұлт Көшбасшысының балалық шағына саяхат жасап, қызметтік жолымен танысып қайтады.

Әр күнге жоспарланған бағдарлама аясында Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары», Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Он делает историю» кітаптарын талқылау, «Тәуелсіздік – 30» флешмобы, «Тәуелсіздік толғауы» поэзия сағаты, «Балалық шағымның аспаны» кино кеші, «Қазақстан Тәуелсіздігі және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, ел егемендігіне арналған жинақтардың тұсаукесер рәсімі,  «Елім менің» жастар пікірталасы, «Кітап FEST» жәрмеңкесін өткізу көзделген.   

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі