Жаңалықтар

ҚазҰУ-да IAAR халықаралық аккредиттеу өтуде

04.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде IAAR тәуелсіз аккредиттеу агенттігі халықаралық аккредиттеуді өткізуде. Сыртқы сараптау комиссиясының аккредиттеу рәсімі гибридті форматта екі кезеңде өтті ­– қараша және желтоқсан айының басында.


Аккредиттеу және лицензиялау қызметінің басшысы Гүлден Манарбек атап өткендей, сыртқы сараптау комиссиясының алғашқы сапарының қорытындысы бойынша (23-25 қараша) халықаралық қатынастар, философия және саясаттану факультеттері мен заң факультетінің білім беру бағдарламалары аккредиттелді. Сыртқы сараптама комиссиясы мүшелерінің проректорлар және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен келіссөздері өтті, сондай-ақ аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының студенттерімен, оқытушыларымен, жұмыс берушілермен және түлектермен кездесулер ұйымдастырылды. 


Сапар барысында комиссия мүшелері Әл-Фараби кітапханасының, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының, ахуалдық басқару орталығының, сондай-ақ халықаралық қатынастар, философия және саясаттану факультеттері мен заң факультетінің жұмысымен танысты.

2-4 желтоқсан аралығында өткен сыртқы сараптау комиссиясы аккредиттеу рәсімінің екінші кезеңінің барысында филология, шығыстану, медицина және денсаулық сақтау факультеттері мен заң факультетінің білім беру бағдарламалары тексерілді.

Рәсім аясында сарапшылар білім беру бағдарламаларының тәжірибе базаларына барды, соның ішінде «Ernst&Young» ЖШС, ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы, «Лаоши» қытай зерттеулер орталығы, «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Сот сараптамасы институты, полиция департаменті және Алматы қалалық МКД, сондай-ақ «Стратегия «Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ, «Өрлеу» БАҰО, Алматы қаласындағы Корея Республикасы елшілігінің білім беру орталығы, Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетіндегі Британ тіл және мәдениет орталығы т.б.

Сапар соңында сараптамалық комиссияның декандармен, декан орынбасарларымен және кафедра меңгерушілері, университет проректорларының қатысуымен қорытынды кездесуі өтті.

Халықаралық аккредиттеу – бұл білім беру бағдарламаларының сапаны қамтамасыз ету мақсаты болып табылатын әлемдік және еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау рәсімі екенін атап өткен жөн.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да аккредиттеу рәсімі білім беру бағдарламаларының қызметі мен іске асырылу деңгейін сапалы бағалауға, имиджді арттыруға және білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарығында бәсекелестік позицияны нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі