Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Өзбекстанның медицина және денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орындарының өкілдері келді. Тараптар өзара әріптестікті дамыту жөнінде пікір алмасты.

Ынтымақтастық орнатуға ниетті өзбекстандық оқу орындарының қатарында: Термез қаласындағы Ташкент медициналық академиясы және Ферғана Қоғамдық денсаулық институты бар. Келіссөз барысында медицина және денсаулық сақтау салаларында біліктілігі жоғары мамандар даярлау бойынша екіжақты әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 100-ден астам өзбек студенттері оқиды.