Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин келіп, білім ордасының қызметімен танысты.
Оқу орнының басшысы Жансейіт Түймебаев өткен жылы университетте атқарылған жұмыстар мен жүргізілген құрылыс барысына тоқталды.
Мемлекеттік хатшы соңғы үлгідегі күрделі жөндеуден өткен оқу ғимараттары мен жаңарған аудиторияларды аралап, алдағы жоспарларға қанықты.
«Өткен жылы қалашықтағы корпустар, аудиториялар, жатақханалар жаңартылып, заманауи техникалармен, жаңа жиhаздармен жабдықталды. Оқу орнының инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар биыл да жалғасады», – деді университет ректоры.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі