Жаңалықтар

ЖОО үздік оқытушылары марапатталды

2-ақп-22

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрінің қатысуымен «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.


Республикалық байқауға биыл еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 718 үміткер қатысып, олардың 150-і үздік жыл оқытушысы атанды. Салтанатты шарада ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөз сөйледі.

«Осы маңызды байқаудың барлық жеңімпаздарын жаңа табыстарымен құттықтаймын! Биылғы жылы келіп түскен жұмыстар сапасы әлдеқайда жоғары, орташа көрсеткіш 15-20 балға өсті. Бұл оқытушылар құрамы мен жалпы білім беру сапасының өсіп келе жатқанын көрсетеді. Білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша да жақсы динамика бар. Елімізде жақсы сапа көрсететін жоғары оқу орындары көп. Біз мұны мақтан тұтуымыз керек. Бүгінде мемлекет білім беру сапасын арттыру, ғылымды қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде», – дей келе, министр үздік оқытушыларға жұмыстары үшін алғыс білдіріп, табыс тіледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 25 оқытушысы оқу ордасының білім беру және ғылыми бағдарламалары мен жобаларының жоғары деңгейін дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді.

Білім ордасының химия және химиялық технологиялар факультетінің аға оқытушысы Насиба Байматова: «Оқытушы рөлін талдай келе, қоғам алдында жас ұрпақты тәрбиелеудегі өз жауапкершілігіңді терең ұғынасың. Осы мамандықты таңдағанда алда студенттерді оқыту ғана емес, өзіңді дамыту және жетілдіру жұмысы тұрғанын нақты түсіндім. «ЖОО үздік оқытушысы» сыйлығы біздің мамандығымыздың маңыздылығын көрсетеді және ғылыми-педагогикалық қызметті жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді», – деген пікірімен бөлісті.

Жүлдегерлердің әрқайсысына арнайы төсбелгі тапсырылып, 6 миллион теңгеге жуық қаржылай сыйақы тағайындалды.

Жоғары марапатқа ие болған барша ҚазҰУ оқытушыларын жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық, ғылыми табыстар тілейміз!

1. Әділбекова Ақбота Оразбакейқызы

 
2. Алдияров Әбдірахман Уәлиұлы


3. Әлімжанова Мереке Бауыржанқызы


4. Арғымбаева Ақмарал Мұхамбетқызы


5. Байматова Насиба Хикматуллақызы


6. Белисарова Фарида Бексұлтанқызы


7. Болатов Әсет Қуанышұлы


8. Жүсіпова Айжан Ізбасарқызы


9. Исанова Мөлдір Кеңесқызы


10. Кәкімжанов Еркін Хамитұлы


11. Керімбаев Нұрасыл Нұрымұлы


12. Қойлышов Үмбетқұл Құрманқұлұлы


13. Манатбаев Рүстем Құсайынғазыұлы


14. Мансұров Зұлхайыр Аймұхаметұлы


15. Мұқашева Тоғжан Жангелдіқызы


16. Мүсірәлиева Шынар Жеңісбекқызы


17. Мұхамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы


18. Мұхамедиев Болат Меңтайұлы


19. Нұртазин Сабыр Темірғалиұлы


20. Нысанбаева Айман Сағынбайқызы


21. Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы


22. Сайлан Болат Санабайұлы


23. Төленов Қанат Серікұлы


24. Хохлов Серік Анатольевич


25. Шынарбекова Меруерт Қақпанбайқызы

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі