Жаңалықтар

«Студенттік көктем – 2022»

11-ақп-22

 

ЖОБА ЕРЕЖЕСІ

 

ТАҚЫРЫБЫ: «Менің мамандығым – менің болашағым!»

 

Қатысушылар саны: 30 адамнан аспау керек

Қатысушылар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, магистранттары, оқытушылары және қызметкерлері

Фестивальдің мақсаты:

- жыл сайынғы студенттік көркемөнерпаздар фестивалінің жоғары деңгейге шығып, заманауи күрделі музыкалық-сахналық материалдарды игеру (мюзикл)

Міндеттері:

- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің адамгершілік құндылықтарын сақтап, мәдени дәстүрлерді дәріптеу

- студенттердің өз шығармашылық еңбегінің қадірін біліп, ұжымдық шығармашылықтың маңыздылығын түсінуі

Талаптар:

- болашақта еңбек нарығында өз мамандығының қажеттілігі туралы ақпаратты ашу; өз мамандығы бойынша өзін дамыту перспективаларын көрсету

- орындау сапасы, көркемділігі, бейнеконтент, заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану, образдардың/реквизиттердің әртүрлілігі

- регламент 10 минут

- өнер түрлері мен бағыттарының максималды санын қолдану (би: ұлттық биден – заманауиге дейін; ән: классикалық әндерден – заманауиге дейін; музыкалық аспаптар: классикадан бастап, қазіргі заманғы әлемдік/танымал хиттердің каверіне дейін; спорттық гимнастика, цирк нөмірлері және т.б.)

- бірегей тәсілдер қолданылуы, реквизиттерге минималды қаржыландыру

Мерзімдері мен кезеңдері

7-26 ақпан аралығында – факультет ішінде замдекандардың, студдекандардың, куратор-эдвайзерлердің жетекшілігімен шығармашылық студенттерді дайындау және іріктеу (1-ші кезең)

28 ақпан – 4 наурыз аралығында (кесте бойынша) – АРТ-орталықтың режиссерлік-қойылымдық тобының басшылығымен 2-ші іріктеу кезеңі

10-11 наурыз – Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының сахнасында финал және марапаттау рәсімі

Қазылар алқасы

ҚР танымал мәдениет қайраткерлері, эстрада және кино жұлдыздары, продюсерлер

Жүлде қоры

Бағалы сыйлықтар, «Жеңімпаз» кубогы, Диплом

Кеңесшілер

Сартбай Жанар – АРТ-орталығының директоры 87075628504

Есмұханбетова Галина – хореограф 87081155582

Қалиева Гүлдана – домбырашы 87759159994

Ещанова Фариза – вокалист 87018299091

Ихсанова Айғаным – қобызшы 87072544545

Өтемісов Санжар – театр және кино актері 87478373527

Өнер орталығының мекенжайы: Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, 312 кабинет, ішкі телефон 13-33