Жаңалықтар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психология кафедрасы 20-жылдығын атап өтті

29.12.2008

2008 ж. 20 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде психология кафедрасының 20-жылдығына арналған «Субъект психологиясы және оның азаматтық қоғам құру жағдайындағы өмір сүру жүйесі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференцияның ерекшелігі - психология бөлімі қызметкерлерінің 20-жылдық ғылыми, педагогикалық және тәжірибелік қызметінің нәтижесін атап өтуде.

Конференцияны ашқан философия және политология факультетінің деканы Зарема Шаукенова ҚазҰУ-дың психология бөлімін қазақстандық психология ілімінің бастаушысы ретінде ерекше атап өтті. 1947 жылы университет ректоры Төлеген Тәжібаевтың үлкен ұйымдастырушылық жұмысының арқасында филология факультетінде психология мен логика бөлімі ашылды. 1980 жылы Қ.Б.Жарықбаевтың басшылығымен психология кафедрасы жалпы университеттік сипаттағы жеке кафедраға айналды. 1988 жылдан бастап кафедрада тұңғыш рет базалық психолог мамандарды даярлау басталды.

 

 

Психология бөлімінің алғаш түлегі Рашида Хисматуллина өзінің баяндамасында студенттік жылдарды, Мәскеу мен Ленинградтан келген тамаша оқытушыларды (қазір кафедрада қызмет етіп жүрген доктор мен кандидаттардың көбі - Мәскеу және Санкт-Петербург университеттерінің түлектері) еске алды және бүгінде факультет нағыз психолог-мамандарды дайындап жатқанын, олардың қажеттіліктерін мақтанышпен атап өтті. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің жетекші ғалымдары қазіргі психология ғылымы мен тәжірибесінің көкейкесті мәселелерін талқыға салды. Конференцияға қатысушылар мағынаның субъектілі детерминациясын және азаматтық қоғам құру жағдайындағы әлеуметтік-психологиялық адаптация ерекшеліктерін, ашық қоғамдағы білім беру менеджерлерін дайындаудың психология-педагогикалық негіздерін, субъект және әртүрлі мәдениет өкілдерінің арасында түсіністік пен жақсы қарым-қатынас орнату сынды бірқатар ғылыми мәселелерді қарастырды.  

Конференцияға Қ.Б. Жарықбаев, А.М. Ким, С.М. Жакупов, Д.Д. Дүйсенбеков, А.К. Байшүкірова, И.А. Сапарова, т.б. психология бөлімі мен қазақстандық психология мектебінің негізін қалаған және еңбек сіңірген ғалымдар қатысты.

Конференция шеңберінде  психология бөлімін әр жылдары тәмамдаған түлектердің кездесуі өтті. 20 жыл ішінде психология бөлімін мыңнан астам мамандар бітірген екен. Олардың көбі өз салаларында елімізде және Ресей, Австрия, Англия, АҚШ-та жемісті қызмет етіп жүр.

ҚазҰУ-дың психология кафедрасын мерейтоймен құттықтауға ҰҚК академиясы, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҚызПУ, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтынан әріптестері келді.

 

                                          әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі