Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне тарту ретінде The library кофеханасы ашылды. Енді ҚазҰУ-дың оқытушылары мен студенттері және қонақтары әрбір жаңа күнін көңіл сергітетін дәмді кофемен бастай алады. Ашылу құрметіне орай, әрбір адам кофені 100-ден 600 теңгеге дейін өздері бағалап, сатып ала алатындай арнайы жеңілдіктер қарастырылды.


Ерекше жасалған кофехананың дизайны көздің жауын алады. Іші жайлы, кофенің бағасы қолжетімді. Келушілердің қалауына тәтті сусындар, дәмді бәліш пен круассан ұсынылады. Кофехана сатушылары сіздерге қызмет көрсетуге әзір.

Кофехана дүйсенбі-сенбі күндері аралығында сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 71 (Ректорат ғимаратының оң жағында)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі