Жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев ҚазҰУ студенттерімен кездесті

11-нау-22

Белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев ҚазҰУ студенттерімен жүздесті.


Жастарға Абайдың сыни ойлау тұрғысынан жазған өлеңдері, грек мифологиясындағы Икардың оқиғасы жайлы айта келе, қазақтың жыр-дастандарында кездесетін хикаяларға өзіндік көзқараспен қарау жайлы ойларымен бөлісті.

Математика адамды жүйелі түрде ойлануға тәрбиелейтінін ескерткен ғалым қазіргі қазақ жастарына көп жұмыс атқарып, аз сөйлеуді насихат етті.

Қоғамда болып жатқан көптеген өзгерістерге бастамашы бола білген ғалым алдағы уақытта қандай мәселеге мән беруіміз қажеттігіне тоқталып өтті.

«Ғылыми фанат болғаннан, қоғамға пайдаң тимесе, зияның келе қоймас», – деген ғалым сөз соңында тәлімгерлерге батасын беріп, сұрақтарына жауап берді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі