Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Жоғары мемлекеттік наградаларға елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматы ие болды.