Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірқатар оқытушы-профессорлары Наурыз мерекесі қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік марапатқа ие болды.
Әр салада жетістікке жеткен, егемен еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар қатарында ҚазҰУ-дың Халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымының докторы, G-Global орталығының директоры, көрнекті ғалым Кәрімжан Шәкіров және журналистика факультетінің профессоры, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Гүлнәр Мұқанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының профессоры, тарих ғылымының докторы Ләйла Ахметова Қазақстан Президентінің Алғыс хатын алды.
Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің 4-курс студенті, Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі Абзал Әріпов, химия және химиялық технологиялар факультетінің 4-курс студенті Наргиза Қуанышбай «Шапағат» медаліне ие болды.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі