Жаңалықтар

Наурыз мейрамы тойланды

17-нау-22

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз апталығы аясында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Бейіндік мектебінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиын дәстүрлі Қыдыр ата батасымен басталды. Мектеп өнерпаздары «Тойбастар», «Қара жорға» биін билеп, ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтаған көріністер көрсетті.


Шарада мектеп директоры Ботагөз Күлжанова құттықтау сөз сөйлеп,  Наурыздың елге, әрбір отбасыға құт-береке әкелуіне тілектестік білдірді.

Мерекелік шарада ұлттық ойындар жарысы ұйымдастырылып, «Наурыз ауылы» киіз үйлер байқауы өтті. Мәдени құндылықтарымызды ұлықтаған киіз үйді безендіру, үздік дәстүр, ұлттық тағамдар мен киімдер байқауы да көптің көңілінен шықты.


Жиылған көпшілік наурызкөжеден дәм татып, мереке мектеп оқушыларының ән шашуына ұласты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі