Жаңалықтар

Ресейлік ғалым Ю.Н. Вавиловтың қатысуымен ҚазҰУ-да физиктердің семинары өтті

6-қаң-09

24 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті физика факультетінің ядролық физика кафедрасында ғылыми-білім беру семинары өтті. Аталмыш семинар жақында қабылданған Ядролық физика кафедрасының даму стратегиясы негізінде ұйымдастырылды. Семинарды жетекшісі болып кафедраның құрметті профессоры, ҚР ҰҒА академигі Ж.С. Тәкібаев жүргізді.

Жиналған қауым алдында физика факультетінің деканы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.С. Асқарова сөз сөйледі.

Семинарда негізгі баяндаманы П.Н. Лебедев атындағы Ресей Академиясы Физика институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ю.Н. Вавилов (Мәскеу қ.) оқыды.

 

 

Профессор Ю.Н. Вавиловтың дәрісінен кейін генетик-ғалым - академик Николай Вавилов туралы кинофильм көрсетілді. Семинар әрі қарай Ю.Н Вавиловтың ағаларына арнаған (Николай және Сергей Вавиловтар) «В долгом поиске» атты кітабының тұсаукесерімен жалғасты. Кітап «Ғалымдардың еуразиялық одағы» Қоғамдық қордың демеушілігімен басылып шыққан болатын. Сонымен қатар тұсаукесерге аталмыш қордың басшысы А.В. Голубев те қатысты.

Семинарға физика, механика-математика және биология факультеттерінің оқытушылары мен қызметкерлері, аспиранттары мен магистранттары, сонымен қатар басқа да жоғарғы оқу орындары мен ҚР Ғылым және білім министрлігі ғылыми ұйымының физик-ғалымдары қатысты.

Кездесу соңында қатысушылар автордың қолтаңбасы бар жоғарыда аталған кітапты алу мүмкіндігіне ие болды.

 

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі