Жаңалықтар

Ислам тақырыбына қызығушылар артты

24.03.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі шығыстанушы, Мичиган университетінің профессоры А.Д.Кныштың қатысуымен «Академиялық исламтану және конфессиялық исламтану: жақындасу немесе өзара бас тарту?» атты тақырыпта вебинар өткізді.


Вебинар барысында америкалық дінтанушы Арон Хьюздың Situating Islam: The Past and Future of an Academic Discipline, яғни «Контекстке салынған ислам: академиялық дисциплинаның өткені мен келешегі» атты 2008 жылы жарық көрген еңбегін, Theorizing Islam: Disciplanary Deconstruction and Reconstruction, «Исламды теорияландыру: деконструкция және реконструкция» атты 2014 жылы жарық көрген, сондай-ақ Islam and Tyranny of Authenticity, яғни «Ислам және аутентикалық тирания» атты 2015 жылы жарық көрген еңбектеріне жан-жақты талдау жасап, автордың көзқарасымен келісетіндер мен келіспейтін авторлар туралы мәліметпен бөлісті.

Профессор А.Д.Кныш соңғы жылдары, әсіресе 2011 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін исламтану тақырыбына қызығушылық артқанын айтып өтті. Алайда исламтану дисциплинасын оқыту мен осы салада зерттеу жүргізудің өзіндік қиыншылықтары бар екеніне тоқталды. Бұл тақырыпты сол дін өкілінің зерттеуі мен ислам дінінің өкілі емес сырт адамның зерттеуінде айтарлықтай айырмашылық болатынын, бірақ екі жақ бірігіп жұмыс істегенде жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын ерекше атап көрсетті. А.Д.Кныш Санкт-Петербург шығыстану институтының өкілі, бұл күнде Мичиган университетінің профессоры ретінде ислам тақырыбына үлкен дайындықпен келу керектігін, ол үшін араб тілін білу жеткіліксіз дей отырып, бұл салада пәнаралық зерттеудің аса маңызды екенін айтты. Профессор А.Д.Кныштың еңбектерімен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болатынын еске саламыз https://islab.spbu.ru/participants/knysh-a-d/.

Вебинарға шығыстану факультетінің оқытушылары, студенттері және исламтану тақырыбына қызығатын, ислам тарихы мен суфизм тақырыбын зерттейтін мамандар қатысты.  

Ғалия Қамбарбекова,

Таяу Шығыс және Орта Азия кафедрасының аға оқытушысы