- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚазҰУ болашақ нанотехнологтарды даярлайды
28.03.2022Нанотехнологияларды дамытудағы жаһандық серпіліс Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойып отыр. Осы өзекті бағыт бойынша мамандарды даярлау мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» магистратурасының білім беру бағдарламасы әзірленіп, оқу үдерісіне сәтті енгізілді.
Нанотехнологиялар мен наноматериалдарды пайдалану Қазақстандағы ғылымды қажет ететін өндірісті дамытудың құрамдас бөлігіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде нанотехнологтарды, ғалымдарды және сарапшы бастамашыларды даярлау қажеттілігіне үнемі баса назар аударып келеді. Осы мақсатта еліміздің жетекші университетінде «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» бағдарламасы даярланып, жүзеге асырылды.
Пәнаралық білім беру бағдарламасы (БП) физиканың барлық негізгі тетіктерін, соның ішінде материалтану мен атом физикасын қамтиды. Ол физика-техникалық факультетінің Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында жүзеге асырылуда. Қолданбалы сипатқа ие болған зерттеулерді тәжірибеде пайдалануға болады. Бағдарламаны әзірлеу барысында серіктес шетелдік университеттердің алдыңғы қатарлы прогрессивті тәжірибесі де негізге алынып даярланды.
Бағдарламаның мақсаты – білімі мен дағдылары бар бәсекеге қабілетті нанотехнолог мамандардың жоғары білікті магистрлерін даярлау.
Түлектер нанотехнологиялар, наноматериалдар бойынша зерттеулер саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырып, мамандықтары бойынша өз дағдыларын мынадай кәсіп бойынша жүзеге асырады: оқытушы, доцент, кіші немесе аға ғылыми қызметкер, материалдарды химиялық және спектрлік талдау жөніндегі инженер, микроскопист инженер, материалдар мен жабындар сынақшы, материалтанушы, металлограф, металдарды қысыммен өңдеу маманы, дефектоскопист, термотехнолог, химиялық технолог және т.б.
Бағдарлама бойынша студенттерді ойдағыдай оқыту үшін кафедрада құрылған заманауи материалдық база мүмкіндік береді. Мұнда заманауи жабдықтармен жабдықталған зертханалар жұмыс істейді: сканерлейтін зонд микроскопиясы, жұқа қабатты жартылай өткізгіш материалдар мен наноқұрылымдар, наноқұрылымдарды компьютерлік модельдеу. Олар үнемі жаңартылып, барлық қажетті жабдықтармен толықтырылады.
Бағдарлама магистранттарының зерттеулік тәжірибелері Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтында (ЭТФҒЗИ), Ашық тұрпаттағы ұлттық нанотехникалық зертханасында (ЕҚТҒ), Жану мәселелері институтында, Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ҒЗИ-ында, Зерттеу мен талдаудың физика-химиялық әдістері орталығында, Инженерлік бейіндегі зертханада және Мәскеу энергетикалық институтында өтуде.
Студенттер үнемі халықаралық конференцияларға қатысып, тиісті сертификаттар мен марапаттарға ие болып жүр. 2020 жылы аталмыш білім беру бағдарламасының түлектеріне дарынды жас ғалымдарға арналған шәкіртақы тағайындалып, плазмалық технологиялар бойынша ғалымдар тобының құрамындағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары атағы берілді.