Жаңалықтар

АҚШ профессоры ҚазҰУ да зерттеу жүргізуде

4-сәу-22

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – РекторЖансейіт Түймебаев Массачусетс университеті Дартмут колледжінің профессоры Дилшод Ачиловпен кездесу өткізді. 

Тараптар ҚазҰУ мен Массачусетс университетіарасындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады. 

Кездесу барысында білім ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев Дилшод Ачиловке университеттің соңғы жетістіктері мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берді. 

Жүздесу соңында тараптар ізгі тілектер мен естелік сыйлықтармен алмасты.

Айта кетейік, PhD, профессор Дилшод Ачилов ҚазҰУ-ға арнайы АҚШ-тан келген. Ол философия және саясаттану факультетінде студенттерге сабақ беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі