Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров арнайы келді. Сапар аясында ортсайлауком төрағасы университеттің тыныс-тіршілігімен танысты.
Мәртебелі қонақ алдымен ҚазҰУ Жағдаяттық басқару орталығында болып, қалашықтағы жағдайды уақтылы реттеп отыратын орталық қызметіне қанықты.
![](/content/images/news/83380.jpeg)
Білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев ағымдағы оқу жылы жүргізілген құрылыс жұмыстарына кеңінен тоқталды. Қадірменді қонақ күрделі жөндеуден өткен соңғы үлгідегі оқу ғимараттары мен жаңарған аудиторияларды аралады.
![](/content/images/news/83381.jpeg)
«Университетке ұзақ жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, көптеген ғимараттардың тозығы жеткен. Сол олқылықтың орнын толтырып, университет аумағында үлкен жұмыстар атқарылды», – деді ЖОО басшысы.
![](/content/images/news/83382.jpeg)
Бұдан кейін төраға заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталған Al-Farabi Business school оқу кабинеттерін аралап, студент жастармен пікір алмасты.
![](/content/images/news/83383.jpeg)
Сондай-ақ кездесуде оқу орнының басшысы университеттің соңғы жетістіктері мен алдағы уақытта салынатын нысандардың құрылыс жоспары туралы ақпарат берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі