Жаңалықтар

ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

2-мам-22

Құрметті Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,

білім алушы жастары! 

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен  шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі құттықтауында:

«Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді. Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз. 

Исламның асыл құндылықтары жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз», – деп, қайырлы мерекенің қадір-қасиетін ерекше атап өтті.

Бауырмалдылық пен кішіпейілділікке, кешірім мен сүйіспеншілікке толы ізгі мейрам ырыс-несібесімен, бақ-берекесімен келсін.

Шаңырақтарыңызға  қуаныш, еңбектеріңізге табыс тілеймін. 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ынтымақ-бірлігіміз арта берсін!

 

Ізгі ниетпен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ