Жаңалықтар

ҚазҰУ Жапония ЖОО-ларымен байланысын арттырады

22.05.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джуна ресми сапармен келді.


Кездесу барысында ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Хайдар Тасыбеков ҚазҰУ тарихы мен жетістіктеріне тогқталып, университеттің шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Тараптар ҚазҰУ мен Жапония жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтары арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.

Сапар барысында Елші Ямада Джун Шығыстану факультетінің оқу корпусымен танысып, Қиыр Шығыс кафедрасында ғалымдармен кездесіп, пікір алмасты.

  • Бүгінгі таңда ҚазҰУ Жапонияның 28 ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге ие.